Қоғам келесі әлеуетті жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр:

  1. Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін басқа да ұлттық жобаларды іске асыру
  2. «Қазақстан - 2050» стратегиясында айқындалған қалалар мен облыстардың кешенді және бірқалыпты дамуы мақсатында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту өз кезегінде қажеттілікті анықтау, техникалық-экономикалық дәлелдеу, қаржылық-экономикалық дәлелдеу, жобалық-сметалық құжаттаманы дайындап, магистральді инженерлік желілердің құрылысы, су, жылу және жарықтың резервті көздерін әзірлеуден тұрады.

Сапа мен үйлестіруді қамтамасыз ету үшін Қоғам тұрғын үй және коммуналдық секторды синхрондау мақсатында бағдарлама жасап, оны жүзеге асыру бойынша Бірыңғай оператор ретінде жұмыс істеуді жоспарлауда.

Жобаның жүзеге асу мерзімі мен болжалды нәтиже Қазақстан Республикасының Үкімет жарлығының аясында мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына сәйкес айқындалады.

Төрағасының блогы