Пайым

Біз жеткілікті ресурстары, кең ауқымды сенімді серіктестері, сондай-ақ жобаларды, құрылысты және жылжымайтын мүлікті тиімді басқару үшін құзыреті мен тәжірибесі бар ұйым боламыз.

Миссия

Біз сапалы және қолжетімді тұрғын үй беру арқылы Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру жағдайын жақсартамыз, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобының құрылыс пен жобаларды басқару тиімділігін арттырамыз.

2018 жылы бекітілген Қоғамның 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес Қоғам мемлекеттік бағдарламалар операторының функцияларынан «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы үшін құрылыс пен жылжымайтын мүлікті басқару саласында қызмет көрсетуге көшті.

Даму стратегиясына сәйкес Қоғамның негізгі стратегиялық бағыттары:

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды аяқтау:

  • мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын жобалардың құрылысын аяқтау;
  • жобаларды тікелей сату, қаржылық немесе операциялық жалға беру арқылы іске асыру;
  • кестеге сәйкес негізгі борышты және сыйақыны өтеу бөлігінде Жалғыз акционер алдындағы қаржылық міндеттемелерді уақтылы орындау.

Жылжымайтын мүлікті басқару:

  • Маркетинг;
  • Жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру немесе сату;
  • Қаржы менеджменті;
  • Қаржы ағындары мен тәуекелдерді басқару.

Құрылысты басқару:

  • Жобалар пулын қалыптастыру;
  • Жобалауға арналған тапсырманы және техникалық ерекшелікті әзірлеу, объектілерді жобалау мен салуға әлеуетті компанияларды таңдау;
  • Баға белгілеуді мониторингтеу, құрылыстың барысын, қолданылатын материалдардың сапасын, орындалатын жұмыстардың мерзімін, сондай-ақ объектілерді пайдалануға уақтылы беруді бақылау жолымен құрылысты Кеңесші ретінде басқару.

Компаниялардың үлестерін жобалау және құрылыс сатысында сенімгерлік басқару:

  • Құрылыс жобаларын басқарудың бірыңғай және тиімді жүйесін енгізу;
  • Баға белгілеу мониторингін, құрылыс барысын, қолданылатын материалдардың сапасын, орындалатын жұмыстардың мерзімін, сондай-ақ объектілерді пайдалануға уақтылы беруді бақылау арқылы құрылысты басқару.

Инвестициялық қызмет:

Қоғам Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй құрылысы объектілеріне инвестициялық қызметті жүзеге асырады.

Төрағасының блогы