Сатып алумен жалдау үшін өтеу шарттары

Мерзімінен бұрын ішінара өтеу кезінде

  1. Жалға алушыға мерзімінен бұрын ішінара өтеу сомасын көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтінішпен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға жүгіну қажет.
  2. Көрсетілген соманы өтініш жіберілген күні «Samruk-Kazyna Construction» АҚ деректемелері бойынша енгізу (* төлемнің мақсатын «ішінара мерзімінен бұрын өтеу» деп көрсету қажет).
  3. Ақша қаражаты түскеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өтініште көрсетілген электрондық мекенжайға жаңа өтеу кестесін жібереді.
  4. Кестені қалыптастырғаннан кейін Жалға алушы жаңа төлем кестесіне қол қою үшін кеңсеге баруы немесе өңірдегі Қоғам өкіліне жүгінуі керек.

* Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде негізгі Шартқа нотариалды куәландырылған қосымша келісім жасалады. Нотариаттық қызметтер бойынша шығыстарды Жалға алушы көтереді.

Мерзімінен бұрын толық сатып алған кезде

  1. Жалға алушы болжамды сатып алу күніне дейін 2 (екі) ай бұрын мерзімінен бұрын толық сатып алу ниеті туралы белгіленген үлгідегі өтінішпен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ- ға жүгінуі қажет.
  2. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жетекшілік ететін менеджері күнтізбелік 15 күн ішінде мерзімінен бұрын толық сатып алу сомасын хабарлайды.
  3. Жалға алушы мерзімінен бұрын толық сатып алу сомасын өтеудің бақылау күніне дейін төлеуі керек.  
  4. Ақшалай қаражат түскеннен кейін жетекшілік ететін менеджер жылжымайтын мүлік объектісін меншікке беру шартына қол қою мерзімін анықтайды.

Назар аударыңыз! Жылжымайтын мүлік объектісін меншікке беру шартына қол қою, сондай-ақ құжаттардың түпнұсқаларын алу мерзімі мерзімінен бұрын толық сатып алу кезеңі (өтеудің бақылау күні) басталған сәттен 7-20 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрауы мүмкін.

Назар аударыңыз!   

kense@fnsk.kz электрондық поштасына келіп түсетін өтініштер қоса берілген өтініш нысанына сәйкес келген жағдайда ғана қаралады.

* Өтініш нысаны «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес жасалды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, https://skcn.kz/ru/gb/blog Басқарма төрағасының блогына хабарласуыңызды сұраймыз.

Толық өтеуге өтініш нысанасы

Ішінара өтеуге өтініш нысанасы

Төрағасының блогы