2022 жылғы 16 шілдеде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында Алматы қаласындағы «Qazyna» тұрғын үй кешені жұмысымен танысты. 
Бұған дейін Алматы қаласындағы «Qazyna» нысанының құрылыс барысын тексеріп, М.З. Айманбетов құрылыс жұмыстарын тоқтатып және көп пәтерлі тұрғын үй кешенін су басуына қауіп төндіретін жер асты және бұлақ суларымен байланысты мәселені пысықтауды тапсырылды. Жұмыс сапары барысында мердігер Қоғам Басқармасының Төрағасына «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ұсынымдары негізінде жүргізілген гидрогеологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы баяндады. Сонымен, жер асты суларын объектіден шығару бойынша дренаж жұмыстары жүргізілді және тиісті шаралар жүргізілді. Айманбетов М.З. жер асты суларының деңгейі төмендегеніне көз жеткізіп, құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыруға тапсырма берді. Сонымен қатар, ғимараттың биіктігі «ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» ММ-мен келісілді.
Төрағасының блогы