Ағымдағы жылдың 14 тамызында Активтерді пайдалану және сату департаментінің бас менеджері Сембинов Алмас Half IronMan Astana 70.3 қашықтығын сәтті еңсерді, оған жүзу (1,9 км.), велосипедпен жүру (90 км.) және жүгіру (21,1 км.) кірді. Осындай үлкен жарысқа Алмас алғаш рет қатысып отыр және болашақта тоқтағысы келмейді.

   «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Алмасты Ironman Kazakhstan-ға сәтті қатысумен құттықтайды!

   Аталмыш ауқымды спорттық жарыс елордада өтті, оған әлемнің 75 елінен 2200 триатлеті қатысты: 1400 қатысушы «жартылай», 800 қатысушы «толық».

 

Төрағасының блогы