Мемлекет Басшысы Қ-Ж. К. Тоқаевтың белгілеген импортты алмастыру жөніндегі саяси бағытты іске асыру аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ отандық құрылыс материалдарын шығаратын зауыттарды іске қосу арқылы тұрғын үйдің 1 ш.м. өзіндік құнын төмендету бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

    2022 жылғы 19 тамызда «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында Нұр-Сұлтан қаласында жабын және қаптау материалдарын өндіру зауытының құрылысы орнында капсула салу рәсімі өтті.

    Салтанатты рәсімге Нұр-Сұлтан қаласы Әкімінің орынбасары Е.О. Бекмурзаев, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов, «Astana Invest» инвестицияларды дамыту мемлекеттік орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасы А.М. Нигматов және «MetalFormer» ЖШС Басшысы М.О. Садуакасов қатысты.

    М.З. Айманбетов шараға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде жобаны іске асыру бұрын дайын түрде Ресейден, Қытайдан және Финляндиядан импортталған шатырлы және қасбеттік материалдардың ішкі нарық сұранысын 20%-дан астамын отандық өніммен жабуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Жобада жылына 630 000 бірлікке дейін металл шатыр элементтерін және жылына 2 200 000 бірлікке дейін қаптау материалдарын өндіру көздейді. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін 70-ке жуық жұмыс орны ашылады. Зауыт құрылысының ұзақтығы - 12 ай. Құрылыс процесіне 90-нан астам адам тартылатын болады. Осылайша, отандық өнімнің алғашқы шығарылымы 2023 жылдың қыркүйегінде жоспарлануда.

Төрағасының блогы