2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 9:30 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов аппараттық кеңес өткізді.

   Кеңестің негізгі күн тәртібі құрылыс материалдарының импортын алмастыруға бағытталған зауыттар салу арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру болды. Осыған байланысты М.З. Айманбетов Қоғам қызметкерлерін жұмыстың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға бағыттады. Осылайша, ішкі нарықты отандық бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ететін жобаларды іздестіруді қарқындату бойынша тапсырмалар берілді.

   Талқылау кезінде Қоғамның көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу және реновация бағдарламаларына қатысуына ерекше назар аударылды. Осылайша, тұрғын және коммерциялық үй-жайларды пайдалану, салынып жатқан объектілердегі өндірістік жұмыстардың кестесін сақтау, Қоғамның ағымдағы қаржылық қызметі және т. б. бағыттар бойынша шаралар кешенін іске асыру тапсырылды.

   Кеңес қорытындысы бойынша М.З. Айманбетов жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріп, олардың орындалу мерзімін көрсетті.

Төрағасының блогы