Алматы қаласындағы «Асыл Арман» тұрғын үй алабынан қосымша шығу ұйымдастырылды
Алматы қаласында орналасқан «Асыл Арман» тұрғын алабында 5000-нан астам отбасы тұрады.
Тұрғын алабтан шығыс бағытта уақытша шығуды ұйымдастыру мақсатында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Активтерді пайдалану және сату департаменті «Асыл Арман» тұрғын алабында іргелес жатқан жер учаскелерінің меншік иелерімен келіссөздер жүргізді, Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округінің әкімдігіне өтініштер жолданды. Сондай-ақ, Мүлік иелері бірлестігінің (бұдан әрі-МИБ) Төрағасымен жұмыс жүргізілді және «Асыл Арман» ТА тұрғындары арасында жазбаша сауалнама жүргізілді.
Қоғамның Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетовтың атына «Асыл Арман» ТА тұрғындарынан жаңа оқу жылының басталу кезеңінде тұрғын үй алабы ішіндегі көлік қозғалысын жеңілдетуге оң әсерін тигізген уақытша шығуды ұйымдастыруға белсене ат салысқаны үшін алғыс хат келді.