Ағымдағы жылдың 21-22 желтоқсанында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Құрылыс басқармаларының қатысуымен «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асыру бойынша бірқатар жұмыс кеңестері өтті.

   Кеңестер барысында Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдарының объектілерін салу кезеңіне арналған жер учаскілеріне қатысты мәселелер қаралды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Жергілікті атқарушы органдармен құрылыс кезеңіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқықтарын беру және бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерінде өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, мектеп құрылысы жоспарланып отырған жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосу мәселелері қаралды.

   Осылайша, ашық диалог және нәтижелі пікір алмасу өтті, кеңеске қатысушылар ашық мәселелерді нақтылауға және қажетті консультация алуға мүмкіндік алды.

Төрағасының блогы