«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті
2023 жылғы 1 наурызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Маулен Айманбетов Ақтөбе қаласында сағат 12:00-де Бейнеконференцбайланыс форматында жұмыс кеңесін өткізіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша қысқа мерзімге арналған шұғыл міндеттерді белгіледі.
Жер телімдерін құрлыс кезеңінде ресімдеуге қатысты бірқатар тапсырмалардың орындалуын, тиісті шарттарға қол қою нәтижелерін, жобалау және құрылыс бойынша «дайын күйінде тапсыру» кешенді жұмыстарға сатып алу конкурсын жариялау шеңберінде ұйымдастыру жұмыстары бойынша тапсырмалардың орындалуын тексерді.
Кеңесте «Жайлы мектеп» жобасын имидждік сүйемелдеу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен егжей-тегжейлі танысты. Осылайша, өзінің ескертулерін айтып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының брендін тану мақсатында жұмысты орындаудың жаңа бағыттарын атап өтті.