2023 жылғы 13 наурызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының үздік логотипіне ашық конкурс жариялайды.

Еліміздің әрбір тілек білдірген тұрғыны жаңа буын мектептерінің имиджіне үлес қосуға мүмкіндігі бар.

 

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:

Құрылыс саласында, ақпараттық-жарнамалық және өкілдік өнімдерде, салынған мектептердің кейінгі ағымдағы қызметінде қолданылатын заманауи, ерекше, оңай танылатын логотипті құру.

Тапсырмалар:

- заманауи үрдістерді, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді, тәжірибе мен ұрпақтар сабақтастығын үйлестіретін жайлы мектептің фирмалық стилін қалыптастыру;

- қазақстандықтар арасында көркемдік және шығармашылық таланттарды анықтау және ашу, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту.

 

Қатысу үшін электронды мекен-жайға онлайн-өтінім жіберу қажет info@fnsk.kz.

Байқау 2023 жылғы 13 наурыз бен 27 наурыз аралығында 2 кезеңде өткізіледі:

І кезең: 2023 жылғы 13 наурыздан 27 наурызға дейін – конкурстық жұмыстарды ұсыну.

II кезең: 2023 жылғы 28 наурыздан 31 наурызға дейін – конкурстық жұмыстарды бағалау.

 

2023 жылғы 27 наурыз сағат 00:00-ден кеш ұсынылған конкурстық жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Конкурстың қорытындысын шығару: 2023 жылғы 1 сәуірге дейін, жеңімпаздарды хабарландыру және марапаттау – 2023 жылғы 3 сәуір.

Егер ұсынылған жұмыстардың ешқайсысы конкурстың талаптары мен өлшемшарттарын қанағаттандырмаса, комиссия конкурсты ұзарту туралы шешім шығаруға құқылы.

 

Жеңімпазды марапаттау

Конкурс нәтижелері бойынша марапаттау туралы шешім қабылданады:

1 орын - 700 000 теңге;

2 орын-200 000 теңге;

3 орын - 100 000 теңге.

 

Төрағасының блогы