«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектептердің қасбет түсін айқындау мақсатында ашық конкурс жарияланды
2023 жылғы 17 наурызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектептердің қасбет түсін айқындау мақсатында ашық конкурс жариялайды. Еліміздің әрбір тұрғыны өз нұсқасын ұсыну мүмкіндігі бар.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
Құрылыс саласында, ақпараттық-жарнамалық және өкілдік өнімдерде, ұлттық жоба мектептерінің кейінгі ағымдағы қызметінде пайдаланылатын заманауи, бірегей, оңай танылатын түс шешімін жасау.
Міндеттер:
– қазіргі заманғы тенденциялар (жаһандану, цифрландыру) мен ұлттық дәстүрлердің, тәжірибе мен ұрпақтар сабақтастығының үйлесіміне негізделген «Жайлы мектеп» фирмалық келбетін қалыптастыру;
– «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына жұртшылықтың, түрлі ұрпақ өкілдерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару.
Қатысу үшін info@fnsk.kz электронды поштаға онлайн-өтінімді (№1 қосымша сәйкес) жіберу қажет.
Өтінімдер 2023 жылғы 30 наурыз сағат 00.00-ге дейін қабылданады. Нәтижелерді жариялау және жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылдың 3 сәуіріне жоспарланған.
Байқау 2023 жылғы 17 наурыз бен 5 сәуір аралығында 2 кезеңде өткізіледі:
І кезең: 2023 жылғы 17 наурыздан 30 наурызға дейін – конкурстық жұмыстарды ұсыну.
II кезең: 2023 жылғы 31 наурыздан 3 сәуірге дейін – конкурстық жұмыстарды бағалау.
2023 жылғы 30 наурыз сағат 00:00-ден кеш ұсынылған конкурстық жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурстың қорытындысын шығару: 2023 жылғы 3 сәуірге дейін, жеңімпаздарды хабарландыру және марапаттау – 2023 жылғы 5 сәуір.
Егер ұсынылған жұмыстардың ешқайсысы конкурстың талаптары мен өлшемшарттарын қанағаттандырмаса, комиссия конкурсты ұзарту туралы шешім шығаруға құқылы.
Жеңімпазды марапаттау
Конкурс нәтижелері бойынша марапаттау туралы шешім қабылданады:
1 орын - 700 000 теңге;
2 орын-200 000 теңге;
3 орын - 100 000 теңге.
Конкурсты өткізудің егжей-тегжейлі тәртібі, қатысушының өтінім үлгісі және ғимараттың қасбетінің болжамды конфигурациясы бар файлдар парақшаның төменгі жағында орналасқан.