Samruk-Kazyna Construction ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунованың сынына жауап берді.

Компания «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша конкурстық рәсімдер Samruk-Kazyna Ұлттық әл-ауқат қорының ережелеріне сәйкес ерекше тәртіппен жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік сатып алу қағидалары квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарында қолданылмайды.

- Конкурстық рәсімдер стандартты мемлекеттік сатып алулардан түбегейлі ерекшеленеді, атап айтқанда компанияларға қатаң біліктілік талаптары қойылады. Осылайша, тиісті тәжірибесі жоқ «бір күндік» фирмалар немесе жосықсыз мердігерлер іріктеуден өтпейді, - деді Samruk-Kazyna Construction АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.

Сондай-ақ, конкурсқа қатысушы компаниялар банктік кепілдік беруі керек. Бұл оны жұмысты уақытында аяқтауға және жосықсыз мердігерлердің тізіміне енбеуге ынталандырады. Ал егер мердігер өз міндеттемелерін орындамаса, банктік кепілдік бюджет қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

- Біз құзыретті органдардағы әріптестеріміздің алаңдаушылығын түсінеміз және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау бойынша бастаманы қолдаймыз. Алайда, ұлттық жобаны іске асыру туралы қисық ойлар мен қате түсінік қалыптаспауы үшін нюанстарды егжей-тегжейлі түсіну маңызды, - деп атап өтті Айманбетов. - Бақылауға келер болсақ, біз электронды кросс-платформа әзірлеп, іске қостық. Онда әрбір нысан бойынша барлық қажетті құжаттар жүктеледі. Бұл қадағалау органдарына жағдайды ұдайы бақылап отыруға мүмкіндік береді. Әр құрылыс алаңында фото және бейне бақылау орнатылады, әрбір болашақ мектепке тұрақты бекітілген біздің 1-3 инспектор құрылысқа техникалық қадағалау жүргізеді. Бұл – жаңашылдық,  өйткені әдетте бір инспектор бірнеше жобаны бақылайды.

 

Мердігерлер апта сайын құрылыс барысы туралы электронды форматта есеп береді. Мұндай жағдай бұрын соңды болмаған. Осылайша, бақылау бірнеше деңгейде қатар жүзеге асырылады. Айта кетейік, кросс-платформа барлық қадағалау және бақылау органдарымен, соның ішінде Есеп комитетімен (қазір ҚР жоғары аудиторлық палатасы) келісілді. Бұл заңсыз және шамадан тыс тексерістерді болдырмайды, өйткені қажетті құжаттардың бәрі ашық электрондық базада бар.

- Конкурсқа қатысқысы келетін кұрылыс компаниялары осы портал арқылы электрондық түрде өтінім береді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және рәсімді барынша ашық етеді, - деп атап өтті Айманбетов.

Сонымен қатар, Samruk-Kazyna Construction ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында 44 адамнан тұратын комиссия құрды:

* Конкурстық комиссия – 13 адам;

* сараптама комиссиясы – 21 адам;

* бақылаушылар – 11 адам. 

Бақылаушылар тізіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Оқу-ағарту министрлігіндегі қоғамдық кеңес мүшелері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, "Атамекен" ҰКП және Астана, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің өкілдері кірді. Бақылаушыларға порталға кіру мүмкіндігі берілді.

Ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі дирекция құрылыстың қатаң кестесін жасады. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Кейін олар мемлекеттік сараптамадан өтеді. Сонда ғана оқушы орындарының нақты саныр белгілі болады. Бюджеттен бөлінген әр теңге нысаналы мақсаты бойынша игерілетінін атап өту маңызды. Осылайша, еліміздің барлық өңірлерінде біркелкі, сапалы мектептер бой көтереді.

- Барлық 20 өңірде филиалдар ашылып, өкілдіктер құрылды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін штат жасақталды. Бюрократиялық кідірістерге қарамастан жауапкершілік пен шешім қабылдау бойынша біраз шаруаның басы қайырылды, - деп толықтырды Мәулен Айманбетов, - Бюджет кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді, азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалды, жобаны басқару механизмі мен тараптардың жауапкершілігі белгіленді. Алғаш рет мұндай аса ауқымды жоба қысқа мерзімде іске асырылуда. Сондықтан, жобаны сәтті жүзеге асыру үшін әр кезеңді мұқият бақылап отыру маңызды. Біздің талаптарымыз қатал.Бұл талаптар, сайып келгенде, бізді де, мердігерлерді де тәртіпке келтіреді.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, ұлттық жобаны жүзеге асыруға Оқу-ағарту министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және Samruk-Kazyna Construction жауапты деп бекітілді. SK Construction жайлы мектептердің құрылысына жауапты дирекция ретінде жұмыс істеп жатыр. Айтпақшы, жоспарланған 400-ге жуық мектептің 180-ге жуығы ауылдық жерлерде салынады. Алайда қаладағы жайлы мектептер мен ауылдағы білім ошақтарының іші де, сырты да, жиөазы мен жабдықтары да бірей болады. Ешқандай өзгешелік не артықшылық болмайды. Осылайша, қаладағы және ауылдағы оқушыларға сапалы білім бірдей қол жетімді болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы үш ауысымда оқыту, апатты мектептер менбілім берудіегі теңсіздікті жоюға бағытталған.

Төрағасының блогы