«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру бойынша департамент директоры Ербол Ахметов және құрылыс бөлімінің бастығы Жан Мырзағали жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Олар жер учаскелерін құрылыс жұмыстарына дайындау барысымен танысып, жергілікті атқарушы органдар және мердігер ұйымдардың өкілдерімен проблемалық мәселелерді талқылады.

Кейбір учаскелерде мектепті орналастыру және бас жоспар бойынша ескертулер бар. Мердігерлерге жақын арада барлық кемшіліктерді түзету тапсырылды. Сондай-ақ, жасыл желекті кесу және жылу желілері мен жарық бағаналарын құрылыс аумағынан шығару процесін жеделдету қажет.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарағанды облысында 18 орта білім беру нысаны салынады. 10 жайлы мектептің құрылысы биыл басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталмақ. Қалған 8 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Ұлттық жобаның арқасында облыс бойынша 12,5 мың қосымша оқушы орны ашылады. Пайдалануға берілгеннен кейін барлық жайлы мектептер жергілікті атқарушы органдардың балансына өтеді, яғни оқыту тегін болады.

Анықтамалық ақпарат:

Қарағанды облысы бойынша мектептердің орналасатын жері

Қарағанды қаласы

«Кеңдала» шағын ауданында (№103 мектеп)

2000 орын

2024 жылы

тапсырылады

«Восток-5» шағын ауданында (№68 мектеп)

1 200 орын

2025 жылы

тапсырылады

«Жаңа аудан» шағын ауданында

1 200 орын

2024 жылы

тапсырылады

«Жаңа аудан» шағын ауданында

1 200 орын

2025 жылы

тапсырылады

«Голубые пруды» шағын ауданында (№77 мектеп)

1 200 орын

2024 жылы

тапсырылады

«Гүлдер» шағын ауданында

300 орын

2024 жылы

тапсырылады

30 шағын аудандағы Гапеев көшесінің бойында

600 орын

2025 жылы

тапсырылады

«Пришахтинск» шағын ауданында (№25 және 32 мектептер)

600 орын

2025 жылы

тапсырылады

Балқаш қаласы

Қ.Нұржанов атындағы шағын аудан

900 орын

2024 жылы

тапсырылады

Абай қаласы

Абай қаласында 

600 орын

2025 жылы

тапсырылады

Қарқаралы қаласы

в городе Каркаралинск

300 орын

2025 жылы

тапсырылады

Приозерск қаласы

в городе Приозерск 

300 орын

2025 жылы

тапсырылады

Бұқар-Жырау ауданы

 

Ғ.Мұстафин кентінің Нұра станциясында

300 орын

2024 жылы

тапсырылады

 

Үштөбе ауылында

300 орын

2024 жылы

тапсырылады

 

Доскей ауылында

300 орын

2024 жылы

тапсырылады

Нұра ауданы

Нұра кентінде

600 орын

2025 жылы

тапсырылады

Шет ауданы

Ақсу-Аюлы кентінде 

300 орын

2024 жылы

тапсырылады

С.Сейфуллин кентінде 

300 орын

2024 жылы

тапсырылады

Төрағасының блогы