Бүгін 19 маусымда Samruk-Kazyna Construction қабырғасында өткен аппараттық жиында Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов жаңа аппарат басшысын таныстырды.

«Samruk-Kazyna Construction» Акционерлік Қоғамының аппарат басшысы лауазымына Қанат Сарсембаев тағайындалды. Ол бұрын Қоғамның Операциялық қызметі басқармасының жұмысына жауапты болған.

Жаңадан тағайындалған Қ. Сарсембаев мынадай бағыттағы жұмыстарды басқаратын болады:

  • Стратегиялық жоспарлау мен даму
  • Корпоративті басқару мен тұрақты даму
  • Қоғам қызметі мен инвестициялық жобаларды құқықтық қолдау
  • IT инфрақұрылымы
  • Кадрлық саясат пен іс-қағаз жүргізу
  • Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету
  • Әлеуметтік байланыстар (PR және GR) мен брендті танымал ету.

Қанат Сарсембаев - заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағының иегері және 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар білікті маман. Еңғбек жолын 1998 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтында заңгер ретінде бастаған. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, Ғылым және білім беру министрлігінде, СҚО мен Қостанай облыстарының әкімшіліктерінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде, ҚР Конституациялық кеңесінде және ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарған.

Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов бұл жауапты лауазымда сәттілік тіледі.

Төрағасының блогы