Білім ошығының ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынған 2000 балаға арналған мектеп Мәңгілік ел даңғылы мен  Е-497 көшелерінің қиылысында орналасқан. Бүгін нысан балалар үшін есігін айқара ашты.

Жаңа заманауи жайлы мектепте балалар үшін функционалды және қауіпсіз білім беру ортасы құрылған. Бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Сондай-ақ, мұнда ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылып, заманауи пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар, робототехника сыныптары, хореографиялық зал, 4 спорт залы, коворкинг пен демалыс аймақтары, ойын және спорт алаңқайлары және басқа да игіліктермен жабдықталған. Қауіпсіздік шараларына баса назар аударылып, цифрлық бейнекамералар мен турникеттер орнатылған.

Оқу-ағарту министрі оқушыларды 2024-2025 оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол мемлекет тарапынан балаларды сапалы біліммен, саналы тәрбиемен қамту бағытында үлкен жұмыс жасалып жатқанын атап өтті.

Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ  мектептердің құрылысына жауапты бірыңғай дирекция болып табылады.

* Әкімдіктің баспасөз қызметінің фотосуреттері

Төрағасының блогы