«Жайлы мектеп» жобасына қатысты сұрақтар: мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың кері байланысы
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аямында Қазақстанның бірнеше қалаларында жаңадан салынған мектептер қолданысқа берілді. Бұл ауқымды жоба біоім беру сапасын жақсартуға, апаттық жағдайда тұрған кейбір мектеп ғимараттары мен бала көптігінің мәселелерін шешуге бағытталған. Жаңа мектептер мен жағдайдың жақсаруының арқасында оқушылар да, мұғалімдер де білім алу мен беру процессінің тиімділігін арттырады деп күтілуде.
Жаңадан ашылған оқу орындарының жұмысын тексеру және келешекте қандай жайттарды жақсартуға болатындығын түсіну мақсатында мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар және де осы мектептердің жұмысына қатысы бар барлық жұмыскерлер арасында сұрау жүргізіп жатырмыз. Бағдарлама жұмысына әділ баға беру және оның әрі қарай даму жолының дұрыс бағытта жүруі үшін сіздердің пікілеріңізді білу - біз үшін өте маңызды. Сіздерді сұрақтарға жауап беріп, конструктивті кері байланыс беруге шақырамыз.