Samruk-Kazyna Construction командасының ІХ Спартакиададағы көрсеткіштері
22-24 қараша аралығында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының жүздеген қызметкерін спорттық біріншілік үшін қызықты бәсекеге біріктірген дәстүрлі Спартакиадасы өтті. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ командасы 35 қызметкерден құралды. Олар футзал, киберспорт, үстел теннисі, шахмат, асық ату, тоғызқұмалақ және арқан тарту сияқты спорт түрлерінен бақ сынады.
Биыл киберспорттан болған сайыс жанкүйерлердің назарын ерекше аудартты. Мұнда бізді спортшыларымыз жақсы өнер көрсетті.
Киберспорт турниріне 13 команда қатысып, жеребе тарту арқылы 4 топқа бөлінді. Samruk-Kazyna Construction командасы «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС және «Түркістан БГҚ» ЖШС командаларымен бір топқа түсті.
Турнир ережесіне сәйкес матчта жеңіске жету үшін 13 ұпай жинау қажет болды. Алғашқы матчта Samruk-Kazyna Ondeu командасымен кездесу 13:9 есебімен Samruk-Kazyna Construction пайдасына аяқталды. Матч барысында 6:9 есебімен артта келе жатқан ойыншылар керемет камбэк жасап, ойынның соңына дейін бірде-бір ұпай бермеді.
«Түркістан БГҚ» ЖШС командасымен екінші матчта Samruk-Kazyna Construction сенімді түрде 13:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл нәтижелер командаға топтық кезеңде бірінші орын алып, ширек финалға шығуға мүмкіндік берді.
Ширек финалда біздің команда QazaqGaz командасымен кездесті. Турнир ережесі бойынша ширек финал матчтары «екі жеңіске дейін» (best of 3) форматында өтті. Тартысты күресте Samruk-Kazyna Construction қарсыласқа 0:2 (4:13, 6:13) есебімен есе жіберіп, жалпыкомандалық есепте жетінші орынды иеленді.
Футзал жарыстарында Samruk-Kazyna Construction командасы 15 команданың арасында 8-орынға тұрақтады. Команда жеңіске деген жігері мен ұйымшыл ойын көрсеткенін атап өту керек.
Компания қызметкерлері асық ату және тоғызқұмалақ сияқты дәстүрлі қазақ ойындарына, сондай-ақ шахмат, үстел теннисі және арқан тарту жарыстарына белсенді қатысып, жарыс рухын арттыруға үлес қосты.
2024 жылғы Спартакиада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлерін командалық жұмыс пен спорттық құмарлық рухында біріктірген жарқын оқиға болды. Қордың басты спорт іс-шарасында бұрын соңды болмаған 834 спортшы саны қатысты. 11 спорт түрінен 210 медаль ойнатылды. Samruk-Kazyna Construction командасы табандылық, кәсібилік және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетіп, компаня абыройын жоғары деңгейде қорғады.
Samruk-Kazyna Construction командасының барлық қатысушыларына жанқиярлығы, табандылығы және командалық рухы үшін алғысымызды білдіреміз.