«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиынға қатысты
Отырыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аймақта жүзеге асырылуы жан-жақты талқыланды.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, Семей қаласының әкімі, тиісті басқарма басшылары мен мердігер компания өкілдері қатысты. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы өңірде салынып жатқан мектептердің құрылыс барысы туралы баяндады.
Облыста «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 5 мектеп қарастырылған. Оның ішінде үш мектептің құрылысы толық аяқталды:
✅ Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында – 1200 орындық мектеп;
✅ Водный кентінде – 600 орындық мектеп;
✅ Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылында – 300 орындық мектеп.
⚡️ Аягөз қаласында 600 орындық мектептің құрылысы жалғасуда.
⚡️ Семей қаласының Шығыс кентінде де жайлы мектеп салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы білім саласындағы инфрақұрылымды жақсарту мақсатында аталған өңірде «Жайлы мектеп» жобасын сапалы әрі уақытылы жүзеге асыруға бар күшін салатынын жеткізді.
Өз кезегінде өңір басшысы Берік Уәли «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынып жатқан нысандардың құрылысын жеделдету және жұмыстың сапалы орындалуын қадағалау үшін әкімдік тарапынан барлық тиісті қолдау көрсетілетінін айтты.
«Жайлы мектеп» жобасын Президенттің өзі бақылауында ұстап отыр. Сондықтан мердігерлермен тығыз жұмыс істеп, мектептерді уақтылы қолданысқа беруді қамтамасыз ету қажет. Әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі», – деді облыс әкімі.