Астанада Samruk-Kazyna Construction басшылығымен бой көтерген №100 жайлы мектепте білім ордасының ашылғанына 100 күн толуына орай мерекелік іс-шара өтті. «100 қадам – 100 белес: болашаққа серпін» атауымен ұйымдастырылған шараға оқушылар, ата-аналар, елорданың басқа жайлы мектептерінің директорлары, нысан құрылысын жүргізген «BI Global» компаниясы, «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдері қатысты. Мақсат – алғашқы жүз күн ішінде атқарылған жұмыстарды таныстырып, оқу процесінің ұйымдастырылу деңгейін көпшілікке көрсету.

Қонақтар мектеп үйірмелерінің жетістіктерімен танысып, оқушылардың өз қолымен жасаған бұйымдары ұсынылған жəрмеңкені тамашалады. «Ақылды ферма», «Жас дизайнер», «Құнды зергерлік өнер», «Физика пəнінің үйірмесі», «Робототехника» секілді бағыттар бойынша жұмыс істейтін үйірмелердің шəкірттері өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Іс-шара аясында ең басты жаңалық – медиа кабинетінің ашылуы болды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл кабинетте оқушылар подкаст жазып, фото-видео өнімдер дайындап, медиа саласындағы алғашқы машықтарын игеруге мүмкіндік алады.

«Бүгін мектебіміздің ашылғанына 100 күн толып отыр. Осы уақыт аралығындағы жетістігімізді көрсетіп, оқу процесін таныстыру мақсатында бұл шараны өткізуді жөн көрдік. Мектептің сапалы құрылысына үлкен үлес қосқан «Samruk-Kazyna Construction» мен «BI Global» компанияларына зор алғысымызды білдіреміз. Жайлы мектеп – тек білім беру орны ғана емес, жаңа мүмкіндіктер алаңы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы игі бастама үшін алғысымыз шексіз», – деді мектеп директоры Мұрат Ахметов.

Концерт барысында мектеп ұжымы құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарды сахна төріне шақырып, алғыс хаттар табыстап, ерекше құрмет көрсетті. Соның ішінде Samruk-Kazyna Construction компаниясының ұжымына «Жарқын болашақтың демеушісі» атты мəртебелі марапат табыс етілді. Нысан құрылысының сапасының жоғары болуын қадағалаған «Самұрық-Қазына Девелопмент» серіктестігінің мамандарына да алғыс айтылды. Іс-шараға жиналған қауым Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына ризашылықтарын білдіріп, жаңа білім ордасына толағай табыстар мен жарқын жетістіктер тіледі.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада бір ауысымда 41 200 оқушыны қамтитын 22 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 15 мектеп 2024 жылы пайдалануға берілсе, қалған 7 мектеп жыл соңына дейін есігін ашады. №100 мектептегі бұл мерекелік шара – Мемлекет басшысының бастамасы сəтімен жүзеге асып, құрылысшылар еңбегінің жемісті нəтиже бергенінің айқын көрінісі.

Астанада Samruk-Kazyna Construction басшылығымен бой көтерген №100 жайлы мектепте білім ордасының ашылғанына 100 күн толуына орай мерекелік іс-шара өтті. «100 қадам – 100 белес: болашаққа серпін» атауымен ұйымдастырылған шараға оқушылар, ата-аналар, елорданың басқа жайлы мектептерінің директорлары, нысан құрылысын жүргізген «BI Global» компаниясы, «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдері қатысты. Мақсат – алғашқы жүз күн ішінде атқарылған жұмыстарды таныстырып, оқу процесінің ұйымдастырылу деңгейін көпшілікке көрсету.

Қонақтар мектеп үйірмелерінің жетістіктерімен танысып, оқушылардың өз қолымен жасаған бұйымдары ұсынылған жəрмеңкені тамашалады. «Ақылды ферма», «Жас дизайнер», «Құнды зергерлік өнер», «Физика пəнінің үйірмесі», «Робототехника» секілді бағыттар бойынша жұмыс істейтін үйірмелердің шəкірттері өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Іс-шара аясында ең басты жаңалық – медиа кабинетінің ашылуы болды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл кабинетте оқушылар подкаст жазып, фото-видео өнімдер дайындап, медиа саласындағы алғашқы машықтарын игеруге мүмкіндік алады. «Бүгін мектебіміздің ашылғанына 100 күн толып отыр. Осы уақыт аралығындағы жетістігімізді көрсетіп, оқу процесін таныстыру мақсатында бұл шараны өткізуді жөн көрдік. Мектептің сапалы құрылысына үлкен үлес қосқан «Samruk-Kazyna Construction» мен «BI Global» компанияларына зор алғысымызды білдіреміз. Жайлы мектеп – тек білім беру орны ғана емес, жаңа мүмкіндіктер алаңы. Президентіміз ҚасымЖомарт Тоқаевқа осы игі бастама үшін алғысымыз шексіз», – деді мектеп директоры Мұрат Ахметов. Концерт барысында мектеп ұжымы құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарды сахна төріне шақырып, алғыс хаттар табыстап, ерекше құрмет көрсетті. Соның ішінде Samruk-Kazyna Construction компаниясының ұжымына «Жарқын болашақтың демеушісі» атты мəртебелі марапат табыс етілді. Нысан құрылысының сапасының жоғары болуын қадағалаған «Самұрық-Қазына Девелопмент» серіктестігінің мамандарына да алғыс айтылды. Іс-шараға жиналған қауым Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына ризашылықтарын білдіріп, жаңа білім ордасына толағай табыстар мен жарқын жетістіктер тіледі. Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада бір ауысымда 41 200 оқушыны қамтитын 22 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 15 мектеп 2024 жылы пайдалануға берілсе, қалған 7 мектеп жыл соңына дейін есігін ашады. №100 мектептегі бұл мерекелік шара – Мемлекет басшысының бастамасы сəтімен жүзеге асып, құрылысшылар еңбегінің жемісті нəтиже бергенінің айқын көрінісі.

Төрағасының блогы