Байланыста болыңыз
Байланыста болыңыз

«Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты халықты және бизнесті қолдау жөніндегі шаралар туралы»

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) халықты, бизнесті қолдауға және әлеуметтік шиеленіске жол бермеуге бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру туралы шешім қабылдады.

Осы мақсаттар үшін Қоғам жалгерлерге (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар) жылжымайтын мүлікті сатып алу құқығымен жалдаудың бұрын жасалған шарттары бойынша жалдау төлемдерін төлеуді 2020 жылғы 16 наурыз айынан бастап 17 тамыз айына (қоса алғанда) дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды ұсынды. Жалгерлер көрсетілген кезең үшін есептелген жалдау төлемдерін 2021 жылғы 31 наурызға дейін төлеуі тиіс. Шарттарда көзделген өсімпұл мен айыппұл санкциялары есептелмейді, сондай-ақ кепілдік төлемнен есептен шығарылмайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда және қажетті түсініктемелер алу үшін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз: +7 (7172) 55-90-04. Пошта: info@fnsk.kz.