«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының волонтерлік жобасына қатысатын  Қоғам қызметкерлері Қарттар күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және тыл еңбеккерлеріне азық-түлік және шаруашылық тауарлары бар 40-тан астам себет табыс етті. 

Іс-шара «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясында Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары сақталды.

Қарт адамдар барлық волонтерлерге қамқорлық пен құрмет үшін алғыстарын білдірді!

Төрағасының блогы