«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) жаппай тәртіпсіздік барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер қызметкерлерінің, бейбіт тұрғындардың туған-туыстары мен жақындарына қайғы-қасіретке ортақтастығын білдіріп, көңіл айтады.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қоғам халықты, бизнесті қолдауға және әлеуметтік шиеленіске жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру туралы шешім қабылдады.

Осы мақсаттар үшін Қоғам жасалған сатып алу құқығымен жалдау шарттары бойынша жалдау төлемдерін уақтылы төлемегені үшін 2022 жылғы 5-31 қаңтар аралығындағы өсімпұл мен айыппұл есептеуді жояды.

Сұрақтар туындаған жағдайда және қажетті түсіндірулерді алу үшін +7 (7172) 55-90-04 телефон нөмірі мен info@fnsk.kz поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, елдегі тәртіпсіздіктерден зардап шеккен Қоғамның Жалға алушылары көмек пен қолдау алу үшін a.zholtay@fnsk.kz электронды мекен-жайына жүгіне алады.

 

Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз.

Әрбір қазақстандықпен бірге қайғырамыз.

Төрағасының блогы