2022 жылғы 7 сәуірде сағат 14:00-де «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қабырғасында Қоғамның Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов «KazSMU» ЖШС Директоры К.З. Жапаровпен кездесті.

Кездесу барысында «KazSMU» ЖШС өкілдері Алматы және Шымкент қалаларында реновация өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар жобалармен ұсынды.

Кейбір деректер бойынша, Шымкент қаласында 107 ескі тұрғын үйлер, ал Алматы қаласында 1930-1975 жылдары салынған 1427 ескі екі қабатты үйлер бар.

Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ескі үйлердің тұрғындарына өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беретін авариялық тұрғын үйлерді реновациялау жобаларына инвестициялау жоспарларын қарастыруда.

Кездесу соңында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Бірінші басшысы М.З. Айманбетов жауапты құрылымдық бөлімшелерге қаржыландыру механизімін мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.

Төрағасының блогы