2022 жылғы 21 сәуірде Қоғамның Бірінші басшысы М.З. Айманбетовтың төрағалығымен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысы өтті, оның аясында Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Жарғысына, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқармасы туралы Ережеге сәйкес бірқатар мәселелер шығарылды.

Стратегия және даму, құрылыс, адам ресурстарын басқару және ұйымдастыру жұмыстары департаменттері директорларының баяндамалары тыңдалды.

Отырыстың күн тәртібі шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясы қаралды. Басқарма мүшелерінің талқылауына Қоғам қызметінің бағыттарын іске асыру бойынша Жол карталары ұсынылды.

Төрағасының блогы