Ағымдағы жылғы 29 сәуірде сағат 10:00-де Қоғамның Бірінші басшысы М.З. Айманбетовтың төрағалығымен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысы өтті.

Басқарма отырысының күн тәртібі аясында 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау бойынша ақпаратты алдын ала мақұлдау туралы мәселе қаралды.

Басқарма мүшелерінің талқылауына «Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымының объектілерін салу жобасының тұжырымдамасын (Қарабатан учаскесі). Қосымша 165 МВт ГТЭС энергоблогы» алдын ала мақұлдау туралы материал ұсынылды.

Ескі және апаттық тұрғын үйлерді реновациялау саласындағы инвестициялық жобаларды іріктеу және қарау тәртібі алдын ала мақұлданды.

Сонымен қатар, қоғамның ұйымдық құрылымының өзгеруіне байланысты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерді бекіту туралы мәселе қаралды.

Төрағасының блогы