Ағымдағы жылғы 19 мамырда сағат 15:00-де Қоғамның Бірінші басшысы М.З. Айманбетовтың төрағалығымен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде Басқарма төрағасының Құрылыс және пайдалану жөніндегі орынбасары, инвестициялар, экономика және қазынашылық департаментінің директоры, активтерді пайдалану және өткізу департаментінің бас менеджері, сондай-ақ «СК Девелопмент» ЖШС Бас директорының орынбасарының баяндамалары тыңдалды.

Басқарма отырысының күн тәртібі аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның 2022 жылғы 1-тоқсандағы Бизнес-жоспарының, оның ішінде 2022 жылғы 1-тоқсандағы жылдық бюджеттің атқарылуы бойынша есептің орындалуы туралы мәселе қаралды.

Басқарма мүшелерінің талқылауына «СК Девелопмент» ЖШС-нің 2021 жылғы қаржылық есептілігін мақұлдау және 2021 жылғы таза пайданы бөлу туралы материал ұсынылды.

Отырыста сондай-ақ Қоғам қызметіне қатысты басқа да сұрақ қаралды.

Төрағасының блогы