2022 жылғы 22 маусымда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы China Tianchen Engineering Corporation (бұдан әрі – TCC) Маркетинг және бизнес департаментінің директоры Сан Байшуангпен және TCC-ның Қазақстан Республикасындағы филиалы директорының орынбасары Доу Ванлимен кездесті.

Келіссөз жүргізу барысында TCC корпорациясының өкілдері өз қызметінің бағыттары туралы айтты. Кездесуге қатысушылар пікір алмасып, Қоғамның көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салу жобаларына шетелдік капиталдың қатысу перспективаларын талқылады.

Өз кезегінде Қытай Халық Республикасынан келген делегация Қоғам басшылығына кездесу үшін алғыс айтып, болашақ ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Төрағасының блогы