ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА КОНКУРСТЫ БОЛДЫРМАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙМЫЗ!!!
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жалпы орта білім беретін мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жұмыстарды сатып алу жөніндегі конкурсты болдырмау туралы хабарлама.
Құрылыс және жобалау бойынша жұмыстарды кешенді «толық құрылыс» сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігіне байланысты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жалпы орта білім беретін мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге арналған жұмыстарды сатып алу жөніндегі конкурсты болдырылмауы туралы хабарлайды.
Кепілдік ақшалай төлем түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген әлеуетті өнім берушілер енгізілген сомаларды қайтару үшін төлем тапсырмаларының көшірмелерін электрондық поштаға жолдауы қажет u.karatayev@fnsk.kz.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтару мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне дейін.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы телефондар арқылы алуға болады:
- Сатып алу процесі бойынша 8 (7172) 57-71-64.