«Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Құрылысқа және жобалауға арналған кешенді жұмыстарды «дайын күйде тапсыру» сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылауды жариялады
2023 жылғы 12 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуіне байланысты, 2022 жылғы 30 қарашада қабылданған «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №963 қаулысы күшіне енді.
2023 жылғы 10 ақпанда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ https://skcn.qaz.network сілтемесі бойынша онлайн сатып алу платформасында конкурс тәсілімен құрылысқа және жобалауға арналған кешенді жұмыстарды сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау жарияланды.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 15 ақпанның сағат 18-00-ге дейін жүзеге асырылады.