Қаржылық есептілік аудиті бойынша көрсетілетін қызметтердің және ілеспе қызметтердің Тапсырыс берушісі болып табылатын «Samrul-Kazyna Construction» АҚ, «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 маусымдағы №47-VII Заңына сәйкес әзірленген «Самұрық-Қазына» АҚ мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімді басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне (бұдан әрі - Тәртіп) Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібінің 13-қосымшасын басшылыққа ала отырып, төменде көрсетілген көлемде және шарттармен қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтер көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін жүргізу туралы хабарлайды:

  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекен-жайы: «Samrul-Kazyna Construction» АҚ, пошта мекенжайы: Астана қ., Сығанақ көш., 17/10-үй, 15-қабат, 1509-кабинет, g.baimurzina@fnsk.kz.
  2. Сатып алынатын қызметтердің көлемі:
  • «Samrul-Kazyna Construction» АҚ-ның 2023, 2024 және 2025 жылдардың 2 тоқсан  жиынтық кіріс туралы есеп деректерін қоса алғанда, Қордың нысандарына сәйкес дайындалған 2023-2025 жылдардағы әр қаржы жылының 1-тоқсанына шолуы тәуелсіз аудитордың қаржылық есептіліктің жартыжылдық пакетін шолу бойынша есебін берумен, «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) нысандарына сәйкес дайындалған 2023 жылдын 1-жартыжылдығы,  2024 жылдын      1-жартыжылдығы, 2025 жылдын 1-жартыжылдығы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік пакетіне шолу жүргізу, оның ішінде 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі әр қаржы жылының екінші жартыжылдығына арналған шолуы.

Шолу нәтижелері бойынша шолу жөнінде есеп шығарылады;  

 

  • «Samrul-Kazyna Construction» АҚ-ның ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған 2023-2025 жылдардың жекелеген және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;

Аудит нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды шығарылады;

 

  • Қордың нысандарына сәйкес дайындалған тәуелсіз аудитордың қаржылық есептіліктің жартыжылдық пакетін шолу бойынша есебін берумен, Қордың нысандарына сәйкес дайындалған «Samrul-Kazyna Construction» АҚ 2023-2025 жылдардың жылдық қаржылық есептілігінің шоғырландырылған пакетіне аудит жүргізу;

Аудит нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды шығарылады;

  • БАҚ-та жариялау үшін «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес дайындалған «Samrul-Kazyna Construction» АҚ 2023-2025 жылдардың жекелеген және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;

Аудит нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды шығарылады.

Қорытынды аудиторлық рәсімдер нәтижелері бойынша басшылыққа хаттар ұсынылады.

Басшылыққа жазылған хаттарда аудиторлық және ілеспе қызметтер бойынша тиісті ұсынымдарды ұсына отырып, құны қызметтердің жалпы құнына енгізілген, аудиторлық тексеру жүргізу шеңберінде сатып алынатын аудиторлық және ілеспе қызметтердің толық сипаттамасы әлеуетті Қатысушыларды таңдау рәсіміне қатысуға арналған сұрау салуда сипатталған.  

  1. Аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алуға бөлінген сома:

Жыл

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ

Құны , теңге 

(ҚҚС есепке алмағанда)

Құны , теңге 

(ҚҚС есепке алғанда)

2023

37 180 000

41 641 600

2024

40 898 000

45 805 760

2025

44 988 000

50 386 560

Итого:

123 066 000

137 833 920

 

  1. Әлеуетті Қатысушылардың уәкілетті өкілдері Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салудың көшірмелерін электронды түрде немесе қағаз тасығыштарда мына мекен-жай бойынша ала алады: Астана қ., Сығанақ көш., 17/10 үй, 15-қабат, 1509 кабинет. Таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салу Тапсырыс беруші мен Қатысушы арасында құпиялылық туралы келісімге қол қойылғанан кейін ұсынылады.
  2. Таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті қатысушы Таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салуда көрсетілген мерзімде және талаптарға сәйкес қызметтер көрсетуге ресми ұсыныс ұсынуы тиіс.
  3. Қатысушылардың ресми ұсыныстары Тапсырыс берушіге желімделген конвертте мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 17/10-үй, 15-қабат, 1509-кабинет. Әлеуетті қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері ресми ұсынысты қолма-қол ұсынған кезде, әлеуетті қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері ресми ұсынысты ұсыну құқығына әлеуетті қатысушының мүддесін білдіретін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен сенімхат ұсынуы тиіс.

Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың басталу мерзімі 2022 жылғы 13 желтоқсан (сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға  дейін).

Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың аяқталу мерзімі: 2023 жылғы 16 қаңтар (сағат 9:00-ден  11:00-ге дейін).

 

 

Төрағасының блогы