«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ақтау қ. 32А ш/а орналасқан ТК-дегі пәтерлерді бастапқы жарнасыз және кірісті растаусыз сатып алуға ұсынады
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ақтау қ. 32А ш/а орналасқан ТК-де 61 пәтерді сатып алу құқығымен жалға беру арқылы еркін сатуды жалғастыруда Пәтерлерді өткізу «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ішкі ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Пәтерлерді сатып алуға өтінімдер Ақтау қаласында тұрғын үйдің болуына қарамастан жеке және заңды тұлғалардан қабылданады және олардың түсуіне қарай қаралатын болады. Өтінімдер (өтінім нысаны қоса беріледі) aktau@fnsk.kz. электрондық поштасына қабылданады. Өтінімдерді қабылдау кезінде өз өтінімін бірінші болып берген өтінім берушілерге басымдық беріледі. Бұл ретте, Өтінім беруші өтінімді жіберер алдында пәтерді қарап, таңдауы қажет.
Құжаттарды қабылдау және шарттар жасау Өтінімдердің түсуіне қарай жүзеге асырылады. Құжаттарды тапсыру мерзімі өтінім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Сату бөлімінің мекенжайы: Ақтау қ., 32А ш/а, 10-үй, 29-пәтер.
Тел.: 8 (701) 044 82 88 сату жөніндегі менеджер Қасымова Айгерім.
Сатып алу құқығымен жалға беру тетігі арқылы өткізілетін объектілердің жалпы саны – 61 пәтер. Тұрғын үй 32А шағын ауданында орналасқан, үйлердің қабаттылығы: 9 және 14 қабатты үйлер.
Егер бір тұрғын үй-жайға өткізудің бір тәсілі бойынша бірнеше өтінім түскен жағдайда, онда басымдылық aktau@fnsk.kz. электрондық мекен-жайына өтінім түскен уақыты бойынша беріледі. Бұл ретте сатып алу құқығымен жалдау шартын ресімдеумен байланысты барлық шығыстарды Өтінім беруші көтереді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Тұрғын үйлерді халықтың қалың жігіне беру мақсатында, 5 жалгерлік төлем мөлшерінде кепілдік төлем төленген жағдайда, төлем қабілеттілігін растамай тұрғын үйді сату жоспарлануда. Бұрын сатылмаған пәтерлерге өтінім берген Өтінім берушілер осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннен кешіктірмей, төлем қабілеттілігін растаусыз шарт жасасу үшін сату бөліміне жүгінуге құқылы.
Ақтау қаласы, 32А ш/а орналасқан ТК-дегі еркін сатылатын
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ пәтерлері туралы ақпарат:
р/с № |
Пәтердің типі |
Тип бойынша ең үлкен алаңы, ш.м. |
Бөлмелер саны |
13 жылға берілетін үй-жайлар бойынша ай сайынғы жалдау төлемінің ең жоғары бағасы, айына/теңге |
3 айлық жалдау төлемі мөлшеріндегі кепілдік жарна, теңге |
5 айлық жалдау төлемі мөлшеріндегі кепілдік жарна, теңге |
Пәтер саны |
1 |
Тип 4 |
94,60 |
3 |
193 598,90 |
280 796,70 |
467 994,5 |
46 |
2 |
Тип 5 |
85,90 |
4 |
175 794,35 |
227 383,05 |
378 971,75 |
15 |
Барлығы: |
661 |
Назар аударыңыздар!
Құрметті Өтінім берушілер! Тұрғын үйді төлем қабілеттілігін растаумен сатып алған жағдайда, aktau@fnsk.kz электрондық мекен-жайына өтінім бергеннен кейін, Сізге Жалдау төлемінің ең жоғары сомасын есептеу (ЖТЖС) үшін «Банк Центр Кредит» АҚ-ға немесе «Тенгри Банк» АҚ-ға жүгіну қажет. Бұл есеп банктің белгіленген тарифіне сәйкес ақылы негізде жасалады.
ЖТЖС есептеу үшін екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) ұсынылатын құжаттар тізбесі:
- Банк нысанына сәйкес ЖТЖС есептеуге өтініш.
- Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің кредиттік тарихын тексеруге және Банк нысанына сәйкес кредиттік бюроның ол туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімдері.
- Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің зейнетақы аударымдарын тексеруге келісімдері.
- Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
- Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жұмыс орнынан құжаттар берілген айдың алдындағы соңғы алты ай ішіндегі жалақысы туралы анықтамалардың түпнұсқалары.
- Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің құжаттарды берген айдың алдындағы соңғы алты ай ішіндегі өзге де табысын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері.
- Өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің құжаттарды берген айдың алдындағы соңғы алты ай ішіндегі зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары.
- Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының/зайыбының (жұбайы/зайыбы болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары және көшірмелері (балалары болған жағдайда).
- Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктерде қарыздар бойынша міндеттемелері болған жағдайда (қарыздар бойынша міндеттемелері болмаған жағдайда, құжаттар ұсынылмайды), өтеу кестесін қоса берумен банктік қарыз шарттарының түпнұсқалары мен көшірмелері.
Жеке кәсіпкерлер мынадай құжаттарды қосымша ұсынады:
- Өтінім берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Патент негізінде салық салынатын кезде, патенттің түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Құжаттарды тапсырған айдың алдындағы соңғы алты айдағы зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары.
Тұрғын үй-жайларды бөлу үшін сату бөліміне ұсынылатын құжаттар тізімі:
- Өтінім берушінің, тең Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
- Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының/зайыбының (жұбайы/зайыбы болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жылжымайтын мүлігі жоқ (бар) екендігі туралы тіркеуші орган (ХҚКО) анықтамасының түпнұсқасы.
* Тіркеуші орган анықтама берген күні өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру бірінші жарияланған күннен бұрын болмауы тиіс.
- Балалардың (балалар болған жағдайда) туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері, кәмелетке толмаған балалардың ЖСН.
- Тұрғын үй-жай сатып алу құқығымен жалдау тетігі арқылы бөлінген жағдайда, Өтінім берушінің ЖТЖС есебімен Банктің ресми бланкісінің түпнұсқасы.
- Өтінім беруші, тең Өтінім беруші (-лер) некеде тұрмайтыны туралы нотариалды расталған өтініш (егер өтініш беруші үй-жайды бөлуге өтінім-сауалнама берген сәтте некеде тұрмаса).
- Туыстық дәрежесін растау үшін Өтінім берушінің кәмелетке толған отбасы мүшелерінің туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Бастапқы жарна сомасын (бастапқы жарна енгізілген жағдайда) төлеу ниетін растау үшін Өтінім беруші мен отбасы мүшелерінен ақшалай қаражаттың болуы туралы ЕДБ анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Өтінім берушіден құжаттарды ұсынуға сенімхаттың түпнұсқасы (қажет болған жағдайда).
Тұрғын үйді төлем қабілеттілігін растай отырып сатып алу кезінде, Сізге белгіленген мерзімде қол қойылған ЖТЖС анықтамасы мен басқа құжаттарды сату бөлімінің менеджеріне ұсыну қажет.