«Ақтау қ. 32 «А» шағын ауданындағы коммерциялық үй-жайлары бар 9-14 қабатты тұрғын үй құрылысы» ТК-дегі тұрғын үй-жайларды қайта сату туралы

 

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ  Жалгерлердің тұрғын үй-жайлардан еркін түрде бас тартуына байланысты, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының  жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібінің 4.5-бөліміне және Тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау шартының 10.7-тармағына сәйкес Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданындағы тұрғын үй-жайды сатып алу мүмкіндігімен жалдау тетігі арқылы өткізу туралы хабарлайды.

Тұрғын үй кешені Ақтау қ., 32А шағын ауданы, 5, 6, 7, 8, 9, 10-үйлер мекен-жайында орналасқан.

Өткізілетін пәтердің сипаттамасы

Бөлмелер саны бойынша пәтердің типі

Үй

Пәтер  

Пәтер ауданы (ш.м.)

Қабаты

Ай сайынғы жалдау төлемі (теңге)

Бір бөлмелі

8

43

33,7

12

68 967,05

Үш бөлмелі

9

9

73,2

4

149 803,8

 

Пәтер алуға өтінімдер Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық санаттары үшін www.skcn.kz веб-сайты арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдауды бастаудың белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар бір мезгілде пәтер алуға өтінім жіберу мүмкіндігіне ие болады. Кезектілік электронды өтінім қабылданған уақыты бойынша автоматты түрде қалыптастырылады. Басымдық уақыты бойынша бұрын берілген өтінімге беріледі, оған сәйкес Өтініш беруші «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібіне сәйкес құжаттар тізімін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ақтау қ., 32А ш/а, 8-үй мекен-жайында орналасқан кеңсесіндегі сату бөліміне тапсыруға міндетті.

*Мүлікті ұстау үшін төлем (коммуналдық және пайдалану қызметтері, күрделі жөндеуге арналған жинақтар, мүлікті сақтандыру, мүлік салығын төлеумен байланысты Жылжымайтын мүлік қорының шығыстарын өтеу) жалдау төлемінің құрылымына кірмейді және Жалға алушы шартқа қол қойылған күннен бастап аталған төлемді өз бетінше төлейді.

Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні – 2020 жылдың 27 сәуірі, сағат 10:00

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні – 2020 жылдың 29 сәуірі, сағат 17:00

 

Бөлмелер саны бойынша пәтердің типі

Үй

Пәтер  

Алдыңғы Жалгерге өтелуге жататын соманы төлеу. Жалдау төлемдері, теңгемен 

Алдыңғы Жалгерге өтелуге жататын соманы төлеу. Бастапқы жарна, теңгемен

Кепілдік төлем, теңгемен

Үш бөлмелі

9

9

1122300,81

0

749019,2

Бір бөлмелі

8

43

476093,51

0

344835,35

 

Тұрғын үй-жайларды сатып алу шарттары

* Кепілдік төлем мерзімі өткен жалдау төлемдері, жалдау төлемдерінің мерзімі өткен үшін өсімақы мен мүлік салығы бойынша берешек болмаған жағдайда, бірінші Жалгерге өтелетін болады. Мерзімі өткен жалдау төлемдері, жалдау төлемдерінің мерзімі өткен үшін өсімақы мен мүлік салығы бойынша берешек болған жағдайда, сома Кепілдік төлемнің жалпы мөлшерінен есептен шығарылады.

Сонымен қатар, Жалгерде мерзімі өткен жалдау төлемдері, жалдау төлемдерінің мерзімі өткен үшін өсімақы мен мүлік салығы бойынша берешектері болмаған жағдайда, Жалгердің  жазбаша өтініші негізінде Кепілдік төлемінің мөлшері Тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау шартының талаптарына сәйкес жаңа Жалгердің атына аударылуы мүмкін.

Тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша құқықтар мен міндеттер құқықты басқаға беру шартын жасасу жолымен жаңа Жалгерге өтеді, бұл ретте жалдау мерзімі 13 жылды құрайды және негізгі шарт жасалған сәттен бастап есептеледі.

Егер құжаттарды тапсыру құқығын алған Өтініш беруші «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген, құжаттарын жарияланған мерзімде тапсырмаған немесе өтінімнің күшін жоюға әкелетін іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасаған жағдайда, онда оның кезегі келесі өтініш берушіге өтеді.

Аталған тұрғын үй-жайларды «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша сатып алуға мүдделі барлық тұлғалар www.skcn.kz сайтында тіркелуі тиіс. Тіркелу рәсімін өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін жүргізу ұсынылады. Сайтта тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет. Тіркелу жөніндегі нұсқаулықпен www.skcn.kz сайтында танысуға болады.  

Барлық сұрақтар бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ақтау қ., 32А ш/а, 8-үй (сату бөлімі) мекен-жайында орналасқан кеңсесіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Телефон: 8-7172-57-55-11; +7-701-044-82-88

Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жұма: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін). Сенбі-Жексенбі-демалыс күндері.

Төрағасының блогы