«Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама), «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша өткізу тәртібіне сәйкес, Алматы қаласында орналасқан 29 пәтерді сатып алу құқығымен жалға беру арқылы сату басталғаны туралы хабарлайды:

 

р/с  

Пәтер түрі

Бөлмелер саны

Түрі  бойынша ең үлкен ауданы, ш.м..

12 жылға ең жоғары ай сайынғы жалдау төлемі

Ең жоғары кепілдік төлем

Конкурстағы пәтерлердің жалпы саны

1

1-түрі

Бір бөлмелі

38,60

92 480,97

277 442,91

2

2

2-түрі

Бір бөлмелі

44,50

106 616,66

319 849,98

4

3

3-түрі

Екі бөлмелі

62,20

149 023,74

447 071,22

8

4

4-түрі

Үш бөлмелі

76,00

182 086,88

546 260,64

15

Барлығы:

29

*Сатып алу құқығымен жалдау шарты аз мерзімге (5, 7 немесе 10 жыл) жасалған жағдайда, жалдау және кепілдік төлемі ұлғаю жағына қарай қайта есептелетін болады. 

 

Тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалдау тетігі арқылы сатып алудың негізгі өлшемдері:

 

  • Алматы қаласында тұрғын үйдің болмауы немесе соңғы 36 (отыз алты) ай ішінде жылжымайтын мүлікпен, не тұрғын үй жағдайын жақсартумен байланысты мәмілелердің болмауы, яғни отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метрден кем келетін осы қалада тұрғын үйдің болуы;
  • ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеуге мүмкіндік беретін төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі. Төлем қабілеттілігін www.fnsk.kz сайтында орналастырылған калькулятор арқылы алдын ала есептеуге болады.
  • Өтінім берушінің «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұрын – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ), «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ және «ҚР Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ шарттары бойынша аталған бағдарламаға бұрын қатыспауы.

Пәтер алуға өтінімдер www.dom.fnsk.kz. веб-сайты арқылы қабылданады. Пәтер сатып алуға мүдделі барлық тұлғалар www.fnsk.kz. сайтында тіркелуі қажет. Осы рәсімді өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін жүргізу ұсынылады. Сайтта тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы қажет. Тіркеу нұсқаулығымен www.dom.fnsk.kz сайтында танысуға болады.

 

Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні мен уақыты: 2020 жылғы 06 мамыр, сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша).

 

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2020 жылғы 11 мамыр сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша).

 

Өтінімдерді қабылдаудың белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар бір мезгілде сатып алу құқығымен жалдау арқылы пәтерді сатып алуға өтінім жіберу мүмкіндігіне ие болады. Кезектілік электронды өтінімді қабылдау уақыты бойынша автоматты түрде қалыптастырылады. Бұл ретте өтінім пәтерлердің белгілі бір түріне беріледі. Өтінім нақты берілгеннен кейін таңдалған пәтер түрін өзгерту мүмкін емес.

Жалпы ақпарат.

Пәтерлердің жайғасымымен және коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үйдің орналасу орнымен толығырақ www.skcn.kz сайтында танысуға болады.

Кеңес келесі телефондар арқылы жүргізіледі: 8 (7272) 44-92-33, 8 (7172) 57-55-11, 8 (7172) 55-90-04.

 

Төрағасының блогы