«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібі негізінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі селосы, «Асыл Арман» ТА-да сатып алу құықығымен жалға берілетін тұрғын үй-жайларды сатып алуға үміткерлер ретінде dom.fnsk.kzсайтында қайта бөлуге өтінім берген Өтінім берушілерден құжаттарды қабылдау мерзімі туралы хабарлайды. 

Қайталама өткізу туралы хабарландыру берілген күні

Үй  

Пәтер  

Пәтер ауданы (ш.м.)

 

қабаты

Бөлме саны

09.07.2021

1

198

59,8

7

2

09.07.2021

8

285

55,9

9

2

09.07.2021

14

251

70,1

5

3

09.07.2021

2

255

66,2

5

3

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Алматыдағы кеңсесіне құжаттарды тапсыру қажет Өтінім берушілердің тізімі қоса беріледі.

Назар аударыңыздар! Құжаттарды қарау кезінде Өтінім берушілердің құжаттары қатысуға өтінім беру барысында қалыптастырылған кезектілікке сәйкес бірінші кезекте қаралады. Егер құжаттарды тапсыру құқығына ие болған  Өтінім беруші жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібінде көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген, құжаттарды жарияланған мерзімде тапсырмаған жағдайда, онда оның кезектілігі келесі Өтінім берушіге ауысады.

Жалдау төлемінің ең жоғары сомасын (бұдан әрі - ЖТЖС) есептеу үшін құжаттарды (ЖТЖС есептеу үшін құжаттар «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның кеңсесінде қабылданады) қабылдау мерзімі: 02.08.2021 ж. дейін.

Тұрғын үй-жайларды бөлуге «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.07.2021 ж. бастап 09.08.2021 ж. дейін.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Алматы қ., Райымбек даңғылы (бұрыңғы Ташкентская), 481В-үй, «Эталон» ТК, 123-кеңсе.

Құжаттарды қабылдау уақыты: сағат 09.00-дан бастап 18.30-ге дейін

Үзіліс: сағат 13.00-дан 14.30-ге дейін

Демалыс: сенбі, жексенбі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Өтінім берушілер жалдау төлемінің ең жоғары сомасын (бұдан әрі - ЖТЖС) есептеу үшін құжаттарды жинап, «Samruk – Kazyna Construction» АҚ-ға (бұдан әрі - Қоғам) жүгінуі қажет. ЖТЖС есептеуге арналған құжаттар «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да қабылданады және «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа жіберіледі. Қоғамға ЖТЖС есептеу үшін құжаттарды тапсырғаннан кейін, Қоғам Өтінім берушілерге Банктен ресми бланкіге қол қойылған ХАБАРЛАМАНЫ алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жолдама береді. ЖТЖС есебі Банктің белгіленген тарифіне сәйкес ақылы.

«Банк ЦентрКредит» АҚ ЖОЛДАМА БОЙЫНША ҒАНА ҚАБЫЛДАЙДЫ. Бұл шарт Алматы қаласы бойынша қолданылады.

ҚР өңірлері бойынша Қоғам Өтінім берушілердің тізімін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жолдайды. Осыған байланысты, Өтінім берушілер «Банк Центр Кредит» АҚ бөлімшесіне жүгіне алады. «Банк ЦентрКредит» АҚ Қоғам ұсынған тізімдер бойынша ғана қабылдайды.

«Банк Центр Кредит» АҚ бөлімшелерінің мекен-жайлары:

  • Ақтөбе қ. – Пацаев к., 6; Әлия Молдағұлова даңғ., 30-үй; Шернияз к., 45;
  • Өскемен қ. – Максим Горький к.,19;
  • Нұр-Сұлтан – «Алматы» ауд. Бараев к., 7; «Алматы» ауд., Бараев к., 16; Тәуелсіздік, 16/1 ( -қабат);
  • Ақтау қ. –12 ш/а;
  • Атырау қ. – Азаттык даңғ., 2; Сәтпаев к., 8А;
  • Қарағанды қ. – Нүркен Әбдіров даңғ., 5;
  • Тараз қ., Қазыбек би, 182-д.

ЖТЖС есептеу үшін Алматы қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға, ҚР өңірлері бойынша екінші деңгейдегі банктерге («Банк Центр Кредит» АҚ) ұсынылатын құжаттар тізбесі:

  1. Банк нысанына сәйкес ЖТЖС есептеуге өтініш.
  2. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің кредиттік тарихын тексеруге және Банк нысанына сәйкес кредиттік бюроның ол туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімдері.
  3. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банк нысанына сәйкес зейнетақы аударымдарын тексеруге келісімдері.
  4. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  5. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жұмыс орындарынан құжаттар беру айының алдындағы соңғы үш-алты ай ішіндегі жалақысы туралы анықтамалардың түпнұсқалары.
  6. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің құжаттарды беру айының алдындағы соңғы үш-алты ай ішіндегі өзге де табыстарын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері.
  7. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің құжаттарды беру айының алдындағы соңғы үш-алты ай ішіндегі зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары.
  8. Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының/зайыбының (жұбайы/зайыбы болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  9. Балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері (балалары болған жағдайда).
  10. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктердегі қарыздары бойынша міндеттемелері болған жағдайда (қарыздар бойынша міндеттемелері болмаған жағдайда, құжаттар ұсынылмайды), өтеу кестесін қоса берумен банктік қарыз шарттарының түпнұсқалары мен көшірмелері.

Жеке кәсіпкерлер мынадай құжаттарды қосымша ұсынады:

  1. Өтінім берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  2. Патент негізінде салық салынатын кезде, патенттің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  3. Құжаттарды тапсыру айының алдындағы соңғы алты айдағы зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірменің түпнұсы.

ЖТЖС есептелгеннен кейін және банктен ресми бланкіде қол қойылған ХАБАРЛАНДЫРУ алғаннан кейін, Өтінім берушілерге 23.07.2021 ж. – 09.08.2021 ж. аралығында Алматы қ., Райымбек даңғылы (бұрыңғы Ташкентская), 481В-үй, «Эталон» ТК мекен-жайында орналасқан «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға жүгініп, мынадай құжаттарды ұсыну қажет.

Тұрғын үй-жайларды бөлу үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға ұсынылатын құжаттар тізімі:

  1. Өтінім берушінің, тең Өтінім берушінің (-лердің) және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  2. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің сол елді мекенде оқшауландырылған тұрғын үй-жайларының жоқтығы және Өтінім беру сәтіне дейін 3 (үш) күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша тұрғын үй-жайлармен жасалған мәмілелерінің болмағаны туралы Тіркеуші органнан (ХҚКО) анықтаманың түпнұсқасы.* Тіркеуші органның оқшауланған тұрғын үй-жайдың болмауы туралы анықтамасының берілген күні нақты объектіге өтінімдер қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру бірінші жарияланған күннен ерте болмауы тиіс.
  3. Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының/зайыбының (жұбайы/зайыбы болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  4. Балалардың (балалар болған жағдайда) туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  5. Тұрғын үй-жай сатып алу құқығымен жалдау тетігі арқылы бөлінген жағдайда, Өтінім берушінің ЖТЖС есебімен Банктің ресми бланкісінің түпнұсқасы.
  6. Өтінім беруші, тең Өтінім беруші (-лер) некеде тұрмайтыны туралы нотариалды расталған өтініш (егер өтініш беруші үй-жайды бөлуге өтінім-сауалнама берген сәтте некеде тұрмаса).
  7. Туыстық дәрежесін растау үшін Өтінім берушінің кәмелетке толған отбасы мүшелерінің туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  8. Бастапқы жарна сомасын (бастапқы жарна енгізілген жағдайда) төлеу ниетін растау үшін Өтінім беруші мен отбасы мүшелерінен ақшалай қаражаттың болуы туралы ЕДБ анықтамасының түпнұсқасы.
  9. Өтінім берушіден құжаттарды ұсынуға сенімхаттың түпнұсқасы (қажет болған жағдайда).

Ескертпе:

Осы қосымшаның 1, 3, 4, 7-тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелері құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін Өтінім берушіге қайтарылады.

Осы Қосымшаның 9-тармағында көрсетілген Сенімхат Өтінім берушінің атынан үшінші тұлға әрекет жасаған кезде ұсынылады.

Барлық мәселелер бойынша келесі телефондарға жүгінуге болады: +7 (7172) 57-55-11, +7 (7172) 55-90-04, +7 (7272) 244 –92 –33. Сату бөлімінің жұмысы бойынша өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды келесі электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: info@fnsk.kz

Төрағасының блогы