Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын жою көзделген. 
 
Аталған жоба аясында Төлеби ауданында жаңадан 4 мектептің құрылысы жоспарлануда. Атап айтқанда, Достық ауылында 900 орынды, Көксәйекте 600 орынды, Қосағашта 300 орынды, Бірінші мамыр ауылында 900 орынды жаңа мектептердің жобалары ұсынылды. Келесі жылы үш мектеп пайдалануға берілсе, 2025 жылы бір мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. 
Аудан әкімі Төлеген Телғараев Киелітас ауылдық округі Достық елді мекенінде құрылысы басталған нысанның жұмысымен танысып, мердігерге сапалы және уақтылы орындалуын міндеттеді. 900 орынды білім ордасының құрылысын «Умирзак» ЖШС жүргізіп жатыр. Тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мектептің құрылысы келесі жылдың қыркүйек айында аяқталмақ. 
Төрағасының блогы