Бүгін Астана қаласы және Республика педагогтеріне арналған «Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру» бағыты бойынша тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 

Сессияның негізгі спикерлері ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болды.

Астана қаласындағы сессия оқушылар мен ұстаздар үшін жайлы жағдай жасауға білім ордасын қалыптастыру тақырыбына арналды. Сессия жұмысына аталған тақырыпқа тікелей қатысы бар білім саласының қызметкерлері, архитекторлар, құрылысшылар, жобалаушылар, халықаралық сарапшылар, өңірлік құрылыс, сәулет, экономика басқармаларының өкілдері қатысты.  

Жалпы, 2023-2025 жылдар аралығында оқушылар үшін қолайлы жағдай жасалынған 740 мың орындық 369 мектеп салынып және пайдалануға берілу жоспарлануда. Биыл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектепті қысқарту мақсатында 132 мың оқушыға арналған 154 мектеп салынады.

Атап айтқанда, Астанада 169 мектеп жұмыс істейді (61 жекеменшік, 101 мемлекеттік, 7 республикалық). Оның ішінде 8 мектеп үш ауысыммен, 18 мектеп-тығыздалған режимде жұмыс істейді.

Үш ауысымды және тығыздалған мектептердің санын қысқарту мақсатында қазіргі уақытта қалада 14 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 11 мектеп жаңа оқу жылы ішінде пайдалануға беріледі. Оқу жылы басталғанға дейін екі ауысымда 4 800 орындық 3 мектеп пайдалануға беріледі.

Оқу жылының соңына дейін екі ауысымда 11 800 орындық 8 мектеп пайдалануға беріледі.

Келесі жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында республика бойынша 461 мың оқушыға арналған тағы 217 мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде, Астанада алдағы екі жылда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 24 мектеп салынады. Олар 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. «Жайлы мектеп» сапалы, жайлы оқушы орта ашылып тапшылық жойылады. Білім теңсіздігі азайып, сапаны арттыруға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, іскерлік бағдарлама барысында қатысушылар білім беру саласындағы басты үрдістерді, сапалы білім берудің қолжетімділігін, сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысын талқыланды. Модератор ретінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жүргізді.  

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-минситрі Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы, «Damu Development Group» консорциумының тең құрылтайшысы Сағымбаев Абзал Екрамбекұлы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша мәліметпен бөлісті.  

Оған қоса, пленарлық отырыста доктор, профессор, Сингапур мемлекетінің білім саласындағы халықаралық сарапшысы David Ng және TKVG білім беру технологы, Эстония мұғалімдерін оқыту бойынша жаттықтырушы Людмила Рождественская өз тәжірибелерімен бөлісті. 

https://turantimes.kz/qogam/45031-sh-auysymmen-oityn-mektep-mseles-sheshled.html

Төрағасының блогы