Жетісу өңірінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 1800 оқушыға арналған 2 мектеп құрылысы жоспарланған.

2024 жылы Панфилов ауданы Жаркент қаласында 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталып, 5 қараша 2024 жылы қолданысқа берілді.

Алакөл ауданы Достық ауылында 600 орындық мектеп құрылысының дайындық деңгейі 48%. Пайдалануға беру 2025 жылдың 2 жартыжылдығына жоспарлануда.

2024 жылы 2 мектептің инженерлік-коммуникациялық желілерін салуға облыстық бюджеттен 746,9 млн.теңге бөлінді.

Панфилов ауданы Жаркент қаласында 1200 орындық мектептің инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысы 2 қазан 2024 жылы пайдалануға берілді. Алакөл ауданы Достық ауылында 600 орындық мектептің инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысының дайындық деңгейі 95%.

2024-2025 оқу жылының 2 тоқсаны бойынша мектеп алды даярлық, 1-11 сыныптарда  оқушы саны 1082. Сынып комплект саны 44. Педагогикалық құрам  ауысу тәртібі бойынша 60 пән мұғалімі, облыс әкімі грантымен жоғары оқу орнын бітірген 1 маман, конкурс тәртібімен 31 пән мұғалімі қабылданды. Жалпы 92 мұғалім. Техникалық қызметкерлер саны 60.

https://7-su.kz/news/cat-19/27195/?fbclid=IwY2xjawIRHGdleHRuA2FlbQIxMQABHbqV2S4xMkHctkPm33WM3dAWeAJ38bZGRT4PO_-nnOT9cFQWKk966v06DA_aem_k4KtXzCgYzM0wJ2zIlRpgg/ 

Төрағасының блогы