«Келешек мектептері» ұлттық жобасы білім сапасына оң әсерін тигізуде
Жетісу облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушы заманауи білім ордасымен қамтылған. Соның бірі Панфилов ауданында. Былтыр қолданысқа беріліп, мыңнан аса бала білім алады. Аз уақыттың ішінде нәтиже де жоқ емес дейді мамандар. Бұл оқу орындары оқушыларды ерте жастан инженерлікке, заманауи технологиялармен жұмыс істеуге баулиды. Жаңа да жайлы мектептің ашылғанына балалар да қуанышты. Себебі ерекше білім алуды қажет ететін жастарға қажетті жағдайлар жасалған.
Әлима Ғалымжан, 5-сынып оқушысы:
Осы мектепке келгеніме өте қуаныштымын. Себебі бұл мектеп өте жақсы дамытылған. Мұнда мен оқытып қана қоймай хоббиімді де қатар дамытып жатырмын.
Дамир Нұрмұхамед