Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіл атлетика спорт кешені
2020 жылғы 5 қарашада объект пайдалануға берілді.
2020 жылдың қазан айында спорт кешені IAAF Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы тарапынан сертификатқа ие болды. Бұл елордада ең жоғары деңгейдегі жарыстарды (Әлем, Азия чемпионаты және т.б.) өткізуге, сапалы жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларды дайындауға мүмкіндік береді.
Учаскенің жалпы ауданы – 9,5333 га;
Құрылыс ауданы – 22 143 м2;
Ғимараттың жалпы ауданы – 36 657 м2;
Сыйымдылығы – 6 838 орын;
Қабаттылығы – 3 қабат + техникалық қабат.
200 м сопақ жүгіру жолы, жол ұзындығы 25 м бассейн, жүзу жолы бар көлемі 5х5 м бассейн, спортшыларға арналған 36 орындық жатақхана, балалар алаңы, кафетерий және фуд-корт, атлетикалық зал, ұзындығы 160 м жүгіру жолы бар жаттығу трегі, ядро лақтыруға, биіктікке секіруге, ұзындыққа секіруге арналған секторлар.