АЙМАНБЕТОВ МӘУЛЕН ЗАРЛЫҚҰЛЫ
Басқарма Төрағасы
Туған күні: 28.01.1966 ж.
Туған жері: ҚазКСР, Алма-Ата қ.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Басқарма Төрағасы
Туған күні: 28.01.1966 ж.
Туған жері: ҚазКСР, Алма-Ата қ.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Отбасылық жағдайы:
- Үйленген
- Балалар: төртеу
Білім:
Өскемен жол құрылысы институты (күндізгі оқу бөлімі), Алматылық жалпы техникалық факультеті, автомобиль жолдарының инженер-құрылысшысы (1983-1990 жж.);
Қазақ ұлттық аграрлық университеті (сырттай), ғалым агроном (2000-2002 жж.);
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (сырттай), экономист (2000-2002 жж.);
«Халықаралық бизнес академиясы» ОҒҚ (модульдік оқыту), менеджмент, Іскерлік әкімшілендіру магистрі (2011-2013 жж.).
Жұмыс тәжірибесі:
- 02.03.2022 ж. бастап – қазіргі уақытқа дейін – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы;
- 09.2020 - 03.2022 жж. – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. Құрылыс, энергетика және инфрақұрылымдық даму, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасына және төтенше жағдайлар департаментіне жетекшілік ету;
- 06.2014 - 09.2020 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі. ҚР ПІБ объектілерін жобалау және салу және теңгерімге беру;
- 02.2014 - 05.2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының күрделі құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары. ҚР ПІБ объектілерінің құрылысы;
- 03.2013 - 08.2013 жж. – Автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облысы бойынша автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары. Автожолдарды жобалауға жетекшілік ету;
- 05.2008 - 03.2013 жж. – Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары. Көшелерді және орамішілік аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру және санитарлық күтіп ұстау салаларына жетекшілік ету. Қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен және қызметтерімен, сондай-ақ ПИК-пен жұмыс;
- 11.2007 - 27.05.08 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерімен басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін талдау, ҚР ПІБ орта мерзімді кезеңге арналған даму стратегиясын әзірлеу;
- 04.2007 - 11.2007 жж. – ҚР ПІБ «Бурабай» ұлттық табиғи паркі директорының күрделі салымдар жөніндегі орынбасары. Құрылыс жұмыстарының барысын бақылау, Абылай хан алаңы мен ұлттық паркті дамыту стратегиясын әзірлеу;
- 11.2006 - 04.2007 жж. – «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК директорының экономика жөніндегі орынбасары. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау, автошаруашылықтың көлік саясатын әзірлеу;
- 02.2000 - 02.2006 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Фитосанитария» РМК Бас директоры. Республика бойынша филиалдық желі құру, ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы мониторинг пен күрес әдістерін ұйымдастыру. Жаңа әдісті – авиамониторингті әзірлеу және қолдану;
- 01.1996 - 02.2000 жж. – «АгроАвиаСервис» ЖШС Бас директоры. Ауыл шаруашылығында аса жеңіл авиацияны табысты қолдану;
- 10.1992 - 01.1996 жж. – «Айымбет и КО» ХЖҚ Бас директоры;
- 10.1990 - 10.1992 жж. – «Алматагорстрой» тресінің 2-ші құрылыс монтаж басқармасының шебері, прорабы, басқарма бастығының орынбасары. ТК құрылысы және пайдалануға беру.
Наградалар:
«Құрмет» орденімен (2017 ж.) және «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.), "Парасат" ордені (2024 ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталған,
Компанияның, Компанияның тауар жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.