
Сіздің мектебіңіз қалай құрылды
Бұл мектеп – көптеген кәсіби мамандардың еңбегінің нәтижесі. Біз барлық қазақстандық балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, жайлы және қауіпсіз жағдайда білім алуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай стандарттар бойынша салынған заманауи мектептердің құрылысын басқардық.
Бұл нысан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысына сәйкес («Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба – «Жайлы мектеп» жобасын бекіту туралы»), 2023 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Construction» АҚ орта білім беру нысандарын мақсатты түрде салудың Бірыңғай операторы болып белгіленді. Жоба сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес басқарылды. Samruk-Kazyna Construction тапсырыс берушінің өкілеттіктеріне ие болды.
Бұл мектеп – жай ғана ғимарат емес, болашақ ұрпаққа арналған кеңістік. Біз балаларымыздың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасағанымызға қуаныштымыз!
- Пікір қалдырғыңыз келе батырманы басыңыз.
- Әлеуметтік желідегі Samruk-Kazyna Construction ресми парақшалары.