«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да объектілерді басқару объектілерді пайдалануды қолдау бойынша тиімді қызмет көрсетуге бағытталған басқарудың кәсіби тәртібі болып табылады. Ғимараттарды жоғары сапада басқару «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның материалдық құндылықтарының сапалы сақталуын, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдардың және Ғимараттың іргелес аумақтарының инженерлік желілерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін барлық құрылыстарды техникалық жарамды күйде ұстау жолымен жүзеге асырылады. Бұл жалға алушыларға жайлы жағдай жасауға және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыстардың қауіпсіздігі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басымдықтарының бірі болып табылады, барлық инфрақұрылымдардың дұрыс жұмыс істеуін қолдау ғимараттарға ағымдағы жөндеуді уақтылы жүргізу және құрамдас өнімдерді жоспарлы ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.

«Жасыл орам» әкімшілік ғимараты, Т4 блогы

Атауы: «Жасыл орам» әкімшілік ғимараты, Т4 блогы

Орналасуы: Нұр-Сұлтан қ., Е10-к., 17/10-үй

Салынған жылы: 2018 ж.

Бас мердігер:  «Expo Village» ЖШС

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде, Нұр-Сұлтан қаласының іскерлік бөлігі белсенді дамып жатқан перспективалы ауданда, ғимаратты экологиялық басқаруда және қоршаған ортаны ластауға қарсы күресте «жасыл» технологиялар пайдаланылатын инновациялық кешенге жақын орналасқан «Жасыл орам» көпфункционалды әкімшілік ғимаратын пайдалануды басқарады.

«Қазына Тауэр» әкімшілік ғимараты

Орналасуы:  Нұр-Сұлтан қ.,  Мәңгілік Ел даңғылы, 10-үй

Салынған жылы: 2007 ж.

Бас мердігер:  «Қуат» ЖШС

«Қазына Тауэр» әкімшілік ғимараты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның меншігі болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясына жақын орналасқан және Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымы жоғары әкімшілік бөлігінің көрнекті орындарының бірі болып саналады.

Төрағасының блогы