Сыртқы аудит
СЫРТҚЫ АУДИТ
Сыртқы аудиторды таңдау және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сыртқы аудиторы туралы ақпарат
- Аудиторлық ұйымның көрсетілетін қызметтерін тарту саласындағы саясат
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 26 қарашадағы №165 шешімімен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ аудиторлық ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін тарту саласындағы саясаты (Бұдан әрі - Саясат) бекітілді. Аталған саясаттың мақсаты аудиторлық ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін (аудиторлық ұйымдар көрсететін аудиторлық емес қызметтерді қоса алғанда) тарту бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыру, оларды таңдау бойынша біріздендірілген рәсімдерді ендіру, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ аудиторларының аудиторлық және аудиторлық емес қызметтерді көрсету кезінде тәуелсіздік мәртебесінің сақталуын қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысына жол бермеу болып табылады.
- Аудиторлық ұйымды таңдау
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ аудиторлық ұйымын таңдау «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 3 наурыздағы №193 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен тікелей не жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау ережесі негізінде жүзеге асырылады.
- Аудиторлық ұйымның атауы
2023 жылғы 05 мамырда өткен 2023-2025 жылдарға арналған жылдық қаржылық есептіліктің аудит қызметтерін сатып алу бойынша таңдау рәсімінің нәтижесінде "Samruk-Kazyna Construction" АҚ және "Эрнст энд Янг" ЖШС (https://www.ey.com/kz/en), ҚЕХС сәйкес дайындалған қаржылық есептілікке аудит жүргізу бойынша қызметтерді сатып алу шартын жасасты. "Эрнст энд Янг" ЖШС халықаралық аудиторлық компаниясы аудит, салық салу және құқық, мәмілелерді консультациялық сүйемелдеу және бизнес жүргізу мәселелері бойынша консультация беру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.
- Компания органдарының сыртқы аудитормен өзара әрекеттесу процесін сипаттау
Аудит жүргізу барысында сыртқы аудитор «Samruk-Kazyna Construction» АҚ менеджментімен, Ішкі аудит қызметімен, Бухгалтерлік есеп және каржылық есептілік департаментімен және қаржылық есептілікке әсер еткен басшылықтың пікірін әзірлеу процесіне жұмылдырылған басқа құрылымдық бөлімшелермен тығыз байланыста болады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның сыртқы аудиторы жыл сайын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесіне Аудитті жоспарлау есебін және Аудит нәтижелері туралы есепті ұсынады.
- Сыртқы аудиторға сыйақы мөлшері
Қоғамның аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатының 24-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында қоғамның сыртқы аудиторға алдыңғы есепті жылы аудиторлық қызметтер көрсеткені үшін төлеген сыйақысы бойынша ақпаратты жариялауға бекітеді. 2023 жылғы аудиторлық қызметтер бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпарат Қоғамның Директорлар кеңесінің 15.04.2024 жылғы no202 бетпе-бет отырысының хаттамасынан үзіндіге сәйкес Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында жариялауға бекітілді.
Кезең |
Аудит көлемі |
ҚҚС қоса алғанда сыйақы мөлшері, теңгемен |
Сыйақы мөлшері, ҚҚС-сыз, теңге |
2020 |
Жеке жылдық және шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит |
28 761 600 |
25 680 000 |
2021 |
Жеке жылдық және шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит |
30 800 000 |
27 500 000 |
2022 |
Жылдық қаржылық есептілік аудиті |
32 032 000 |
28 600 000 |
2023 |
Жеке жылдық және шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит |
40 768 000 |
36 400 000 |
- Сыртқы аудитор «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға тікелей көрсеткен аудиторлық емес қызметтер
Сыртқы аудитор «Samruk-Kazyna Construction» АҚ -ға тікелей аудиторлық емес қызметтер көрсеткен жоқ.