«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – Қызмет) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның (бұдан әрі – Компания/Қоғам)  Қоғамда  ішкі аудитті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, Директорлар кеңесіне ұйымдық бағынатын және функционалдық есеп беретін органы.

Қызметтің қызметін қадағалауды Компанияның Аудит жөніндегі комитеті (бұдан әрі – АК) АК қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
Қызметтің миссиясы Директорлар кеңесіне және Атқарушы органға Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша міндеттерді орындауға қажетті жәрдем көрсетуді білдіреді.

Қызмет қызметінің негізгі мақсаты – Директорлар кеңесіне Қоғамдағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару  жүйелерін жетілдіруге бағытталатын тәуелсіз әрі шынайы кепілдіктер мен кеңестер беру болып табылады.

Қызметтің негізгі міндеттері:

1) ішкі бақылау жүйесін бағалау және оны жетілдіруге жәрдемдесу;
2) тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және оны жетілдіруге жәрдемдесу;
3) Қоғамда алаяқтық жасалу тәуекелін және алаяқтық жасалу тәуекелін басқарудың тиімділігін бағалау;
4) Қоғамда корпоративтік басқару жүйесін бағалау және оны жетілдіруге жәрдемдесу;
5) Бухгалтерлік есеп жүйесінің шынайылығын, толықтығын, дұрыстығын және қаржылық есептіліктің сенімділігін бағалау;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, нормативтік құжаттар талаптарының орындалуын бағалау (комплаенс-бақылау);
7) Қоғам ресурстарының ұтымдылығы мен тиімділігін және Қоғам активтерінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін бағалау;
8) Қызметті әдіснамалық қамтамасыз ету.

Қызметтің қызметін тоқсан сайын бағалауды АК ұсыныстары негізінде Компанияның Директорлар кеңесі жүргізеді.

Қызметтің жетекшісі тоқсан сайын Компанияның Директорлар кеңесіне жылдық аудиторлық  жоспардың, кезектен тыс аудиторлық  тапсырмалардың орындалуы туралы есеп береді, Компаниядағы корпоративтік басқаруды, тәуекелдерді басқаруды және ішкі бақылауды жақсарту бағытында Қоғамға берілген ұсыныстар туралы хабарлайды, сондай-ақ Қызметке бұрын берілген ұсыныстардың орындалуына жүргізілген мониторинг нәтижелері жөнінде хабардар етеді.

Өз қызметінде Қызмет Қазақстан Республикасының  заңнамасын, компанияның Жарғысын, Компания органдарының шешімдерін, Қызмет туралы ережені, Ішкі аудитті ұйымдастыру қағидаларын және өзге де нормативтік-заңнамалық актілерді, Компанияның ішкі құжаттарын, сондай-ақ еншілес ұйымдар үшін Жалғыз акционер бекіткен құжаттарды басшылыққа алады.

Төрағасының блогы