2022 жылғы 28 қыркүйекте Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мектеп құрылысы бойынша бірыңғай тапсырыс беруші ретінде айқындау туралы Үкіметтің ұсынысын қолдады.

   «Жайлы мектеп»  ұлттық жобасы мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешуге бағытталған. 2026 жылға дейін Қазақстанның өңірлері мен қалаларында 800 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы мектептер салынады.

   «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Дағдарысқа қарсы бағдарламаның, жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үй бағыттары бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының операторы, әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына тапсырыс беруші бола отырып, сондай-ақ жобаларды басқару жөніндегі консультант ретінде үлкен тәжірибе жинақтады. Қазіргі уақытта Қоғам тұрғын үй құрылысы объектілеріне, импортты алмастыруға бағытталған құрылыс материалдарын өндіретін зауыттарға инвестициялық қызметті жүзеге асыра, сондай-ақ ел өңірлеріндегі ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы шеңберінде жобаларға белсене қатысып отыр.

    Құрылыс жобаларын іске асыру саласында мамандандырылған Қоғам Президент қойған ауқымды әлеуметтік міндеттерді сапалы және белгіленген мерзімде орындауға мүмкіндік беретін қажетті ресурстар мен білікті мамандармен қамтамасыз етілген.

Төрағасының блогы