2022 жылғы 21 қарашада «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов кеңейтілген аппараттық кеңес өткізді. Кеңес жұмысына Басқарма төрағасының орынбасарлары, департамент директорлары, еншілес және сенімгерлік басқарудағы компаниялардың бірінші басшылары қатысты.

  Қоғамның Басқарма Төрағасы бұған дейін өткен кеңестерде берген бақылау тапсырмаларының орындалуын талдап, қатысушылардың барлығын алдағы уақытта белсенді жұмысқа бағыттады.

   Кеңестің күн тәртібінде «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асыру бойынша бірқатар бірінші кезектегі шаралар талқыланды. Қазіргі уақытта Қоғам мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп онлайн есептілік пен құрылыс барысын бейнебақылауды қолдана отырып, жобалаудың тиімділігін, құрылыстың ашықтығын, жобаны іске асыру мерзімдері мен сапасын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық жоба тұжырымдамасының негізгі кезеңдерін пысықтауда. Кеңес барысында Қоғамның Басқарма Төрағасы орта білім беру ұйымдары объектілерін нысаналы салу үшін жоспарланған жер учаскелері бойынша жан-жақты жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

      М.З. Айманбетов «Түркістан ПГУ» ЖШС басшысымен «Түркістан облысында жалпы қуаты 1000 МВт дейін электр энергиясын өндірудің маневрлік режимі бар бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу» жобасын іске асыру бойынша ағымдағы жұмысты талқылай отырып, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобалардың құрылысын қадағалады. Бұдан әрі Қоғамның Басқарма Төрағасы «Karabatan Utility Solutions» ЖШС инфрақұрылымдық жобаларын салу бойынша жұмысты тексерді. Кеңесте «Объектілерді салу жөніндегі Компания» КҚ іске асыратын әлеуметтік маңызды жобалар құрылысының ағымдағы мәртебесі қаралды. «СК Девелопмент» ЖШС-не Қоғам жобалары бойынша құрылыс бақылауы және техникалық қадағалау бөлігінде бірқатар тапсырмалар берілді.

   М.З. Айманбетов көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салу арқылы, оның ішінде қайта жаңарту (реновация) бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ құрылыс материалдарын импортты алмастыруға бағытталған зауыттарды іске қосу арқылы Қоғамның инвестициялық қызметіне қатысты бірқатар тапсырмаларға ерекше назар аударды.

   Кеңес қорытындысы бойынша Қоғамның Басқарма Төрағасы айтылған барлық мәселелер ерекше бақылауда болатынын, сондай-ақ Қоғамның хаттамалық тапсырмалар тізіліміне енгізілетінін атап өтті.

Төрағасының блогы