«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: ЖАО-мен жер учаскелерін беру мәселелері бойынша мәселелерді талқылау өтті
2023 жылғы 26 қаңтарда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың құрылыс, сәулет және білім басқармаларымен онлайн форматында кеңес өткізді.
Қазіргі уақытта құрылысы 2023 жылы басталатын 221 мектептің 127 мектебі бойынша жер учаскелері анықталды, қалған 94 жер учаскесі бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін ресімдеу жұмыстарын 2023 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде аяқтауы тиіс.
Кеңес барысында сұрақ-жауап форматындағы кездесуге қатысушылар жер учаскелерінің параметрлеріне қойылатын талаптарды, шекараларын белгілеуді, сондай-ақ SK Construction Дирекциясы мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді жедел шешу мақсатында Басқарма Төрағасы SK Construction тиісті құрылымдық бөлімшелеріне тапсырма берді.