2023 жылғы 16 ақпанда Шымкент қаласында жұмыс сапары аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов Шымкент қаласының Әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесті.

Кеңеске қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, құрылыс, білім, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларының басшылары және басқа да жауапты басқармалар қатысты.

Кеңес барысында мектеп құрылысы үшін жер телімдерін ресімдеу мәртебесі қаралды, магистральдық жеткізушімен инженерлік желілерді жобалау, құрылыс компанияларына қойылатын біліктілік талаптары, ұлттық жобаны іске асыруға жергілікті отандық материалдар мен жабдықтар өндірушілердің қатысуы мәселелері талқыланды. Оқушылар үшін қауіпсіз орта құру қажеттілігі мектептерге қадамдық қолжетімділікті, жолды жарықтандыруды және ішкі және сыртқы бейнебақылаумен жарақтандыру арқылы қол жеткізу мәселелері ерекше атап өтілді.

Кеңес аясында ұлттық жобаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ететін мониторинг бойынша ақпараттық платформаның мүмкіндіктері көрсетілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент қаласының жауапты басқармаларына тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Шымкент қаласы бойынша орта білім беру объектілерін салу жөніндегі Жол картасын бекіту жоспарлануда.

 

Анықтама: Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 25 мектеп салу жоспарлануда. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаның нысаналы құрылысы жөніндегі дирекция бола отырып, 2023 жылы – 12 мектеп, ал 2024 жылы 13 мектепі салуға кіріседі.

Төрағасының блогы