Қызылорда облысының әкімдігінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті
2023 жылғы 18 ақпанда Қызылорда қаласында жұмыс сапарымен жүрген «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов Қызылорда облысы әкімінің м.а. - Әкімнің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовпен кездесті.
Басқосуға құрылыс, білім беру, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басшылары, мердігер мекемелердің өкілдері қатысса, аудан әкімдері онлайн түрде байланысты.
Кеңес барысында мектептерді жобалау және салу үшін жер телімдерін ресімдеу, сәулет-жоспарлау тапсырмалары мен техникалық шарттарды, оның ішінде құрылыс кезеңіне арналған уақытша техникалық шарттарды беру сұрақтары қаралды. Кездесуге қатысушылар инженерлік желілерді жобалау және салу, құрылыс компанияларына қойылатын талаптар, отандық өңірлік материалдар мен жабдық өндірушілердің жобаны іске асыруға қатысуы, сондай - ақ мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен (талшықты-оптикалық байланыспен) қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Жиналыс барысында ұлттық жобаның мониторингі бойынша ақпараттық платформаны Yevniy Consulting Group басшысы Арман Евниев егжей-тегжейлі көрсетті. Платформаның бірегей артықшылығы – барлық жауапты тараптар (орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, тапсырыс беруші, құрылысшылар, техникалық қадағалау сарапшылары және басқалар) бірлесіп жұмыс істейді, міндеттерді қояды және бақылайды, нақты уақыт режимінде артық бюрократиясыз ақпараттық жүйеде туындайтын мәселелерді жедел шешеді.
Анықтама: «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында 21 мектеп салу жоспарлануда, оның 11-і ауылдық жерлерде. «Samruk – Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаның нысаналы құрылысы жөніндегі дирекция бола отырып, 2023 жылы 10 мектеп, ал 2024 жылы 11 мектеп салуға кіріседі.